Жұма, 04 қазан, 08:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

Еуроодақта вакциналық дағдарыс

30.01.2021

1460 0

Еуроодақ желтоқсанда өзінің алғашқы вакцинасына рұқсат берген күннен бастап жаңа проблемаларға тап болды. Күллі ЕО-да вакцинаның жеткіліксіздігі болып жатқандықтан Испания ішінара вакцинацияны тоқтатқан алғашқы ел болды. Мадридте вакцина егу екі аптаға уақытша тоқтатылып, каталондықтарға да сондай шешім қабылдауға кеңес берді. Бұл туралы «The New York Times» газетіне Матина Стевис-Гриднефф пен Моника Прончук жазды.
«Ертең біздің тоңазытқыштарымыз бос қалады» деп Каталонияның өңірлік денсаулық сақтау министрі Хосем Мария Аргимон вакцинаның азайғандығын ескертті.
Сонымен қатар вакциналық кризиске өндірістің азаюы да әсер етті. Өндірушілер жақында өнімнің аздығына байланысты вакцина шығару 60 процентке азайғанын мәлімдеген болатын.
Өткен аптада Еуроодақтың атқарушы билігі мен еуропалық комиссия жазға дейін 70 процент халықты вакцинациялауды жоспарлаған еді. Алайда төрт күннен кейін еуропалық кеңес президенті Шарл Мишель бұл қиын іс екенін жеткізді. Бүгінгі күннің өзінде Еуроодақтың тек 2 проценті ғана алғашқы вакцинаны салдырып үлгерген.
Вирустың екінші толқыны әлі де болса қауқарын жоғалтпай, түрлі шектеу енгізді және әлем елдерін екі түрлі ауыр вируспен үрейлендіріп отыр. Осы тұста француздық Sanofi дәрі шығарушы компания 100 млн Pfizer-BioNTech вакцина дозасын шығаруға көмектесетінін айтты. Алайда бұл жоспар тек жазда орындалатын болғандықтан Еуроодақ үшін тым кеш болуы мүмкін.
Кейбіреулер Еуропалық одақ комиссиясына наразылық білдіруде. Себебі одақтас елдер атынан комиссия 2,3 млрд вакцина дозасын алуға бірнеше компаниямен келісім-шарт жасасқан. Алайда бұл келісімдердің кейбірі Америка мен Ұлыбритания жасасқан шарттардан кейінірек жасалған. Англо-шведтік фармацевтикалық компания және кейбір оппозициялық саясаткерлер кеш жасалған шарт вакцинаның жеткізілуін кешіктіруде деп наразылық білдіруде.
– Біз «бірінші келдің бе – бірінші болып алдың» деген ұғымды ұстанудан аулақпыз. Ол біз жасасқан келісім-шарт пен сатып алудағы алдын ала келісімдерде жүзеге аспайды, – деп сендіреді денсаулық сақтау комиссары Стелла Кириакидес өз кезегінде.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған
Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: