Жұма, 30 тамыз, 02:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№68-2078
27.08.2024
PDF мұрағаты

 Балыққа барған жасөспірім акуланың жемтігіне айналды

29.08.2024

130 0

Фото: bogatyr.club

Ямайканың Фалмут қаласында 16 жастағы жасөспірім үлкен ақ акуланың құрбаны болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жыртқыш жасөспірімнің басынан тістеп, денесін жұлқылаған.

Марқұмның әкесінің сөзінше, ұлы ата-анасының рұқсат бермегеніне қарамастан, су астында балық аулауға кеткен. 

Келесі күні жергілікті балықшылар мен сүңгуірлер оны іздеуге шыққан.

“Жасөспірімнің денесін тауып алдық. Оның басы мен сол қолы болмады. Жақын жерден үлкен акуланы байқадық. Бірақ біз оған тиіспедік. Ол ары қарай жүзіп кетті», – деді жасөспірімді іздеуге көмектескен балықшылардың бірі.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, акулалар круиздік кемелердің соңынан еріп келіп, Фалмут суларында аң аулау үшін қалады екен. Тұрғындар соңғы жылдары жыртқыштардың адамдарға шабуылы айтарлықтай өскенін айтты.

Мектеп оқушысының басынан өткен қайғылы оқиғадан кейін балықшылар акуланы қолға түсіріп, өлтірмекші.

«Басқа аймақтарда тұрғындар адамдарға шабуыл жасаған акулаларды өлтіріп, оның асқазанынан тістеген дене мүшелерін алып тастайды. Біз де солай етуіміз керек», – дейді олар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: