Сейсенбі, 30 сәуiр, 19:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Қарақатым үшін 5-6 сағат дұға еттім»-Қыдырәлі Болман

15.03.2024

801 0

Сурет: stan.kz

Танымал әнші, продюсер Қыдырәлі Болман балаларының дүниеге келген сәтін еске түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі үшінші ұлының кіндігін өзі кескен көрінеді. 

“Қарақатым перзентханада толғатып жатқанда дәлізде дұға етумен болдым. Жарымның аман-есен жаны қалуын тілеп жатырмын. Анық 5-6 сағат сүре оқып отырғаным есімде. Таң ата көзім ілініп кетіпті. Медбике келіп, “Тұрыңыз, ұлды болдыңыз!” деді. Сасқанымнан атып тұрыппын. “Балаңыздың кіндігін кесіңіз” деді. Өмірімде бірінші рет баламның кіндігін кестім. Осы күнге дейін әкесі кіндігін кесті деген сөзі естімеппін. Сөйтіп, Нұрәлиімнің “кіндік шешесі” атандым”, – деп күлді продюсер. 

Одан кейін әнші “кіндік шеше” атанғанын ұмытып, 13 жылдан кейін барып есіне түсірген. 

“Жыл сайын мерекелерде басқа балаларымыздың кіндік шешелері сыйлықтарды үйіп төгеді. Нұрәли ғана сыйлықсыз қалады. Оны біз де байқамаппыз. Бір күн ұлым: “Менің кіндік шешем кім, неге ол келмейді?” деп сұрады. Сол кезде барып, ұлымның кіндік шешесі өзім екені есіме түсті. “Мен едім сенің кіндік шешең. Ол туралы ұмытып кетіппін. Айып менен болды. Мен енді саған әкең ретінде бір сыйлық, “кіндік шешең” болғаным үшін тағы бір мәрте сыйлық беремін” деп уәде бердім. Енді маған кіндік шешенің міндеттеріне не кіретінін үйрену керек болды”, – деді медиаменеджер. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: