Жексенбі, 08 желтоқсан, 06:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

 Айтыскер Сара Тоқтамысова: «Әйелге ақыл керек»

29.08.2024

406 0

Фото: instagram.com/sarkanai/

Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова қоғамдағы әйелдердің қаржы мәселесіндегі қателігін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Айтыскердің айтуынша, қазіргі қоғамдағы әйелдер менмендікке салынып кеткен екен. 

«Қазіргі қоғамда, әсіресе, біз, әйелдер көп менмендікке салынып кетеміз. Қай білгіштің ойлап тапқанын білмеймін, мынадай сөз бар: «Менің тапқаным – менікі, күйеуімнің тапқаны – біздікі» деп ұрандатып отыратындар бар. Қараңызшы, сіздің күйеуіңіздің жұмысы аяқасты жүрмей қалды, аяқасты тоқтап қалды. Ескере кетейік, жатыпішер, жалқау, әйелінің мойнына өмір бойы масыл болып отыратын еркектер туралы айтып отырған жоқпын. Қоғамда бар дүниені айтып отырмын», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Қазір желіде әйелдерге ақыл айтатындардың көбейіп кеткені де отбасының бұзылуына, әйелдердің ажырасуына себеп деп ойлайтынын да жасырмады. 

«Тура осы кезде «ой, менің күйеуім түк таппайды, менің қалауларымды орындамайды, ананы қарашы, мынаны қарашы деп өзін кім көрінгенмен салыстыра берсең, әйел адам өз берекесін өзі қашырады екен. Осы кезде небір ақылгөйлер көбейеді. «Саған оның не керегі бар, өзің жақсы қаражат табасың, сұлусың» деп болмайтын ақылын тықпалайтындар табылады. «Әйелге ақыл керек» деген осыдан шыққан. Ақылды жолдас болса, ешбір әйел ажыраспайды», – деп қорытындылады ойын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: