Дүйсенбі, 02 қыркүйек, 21:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№69-2079
30.08.2024
PDF мұрағаты

Кімдерге қара өрік жеуге болмайды? 

02.09.2024

126 0

Фото: pixabay.com

Қара өріктің пайдалы қасиеттері көп. Ол ағзаны уыттардан тазартады, зат алмасуды қалыпқа келтіреді, іш қатудың алдын алады, ағзадан артық сұйықтық пен тұзды шығарады, холестеринді түйіншектерді азайтады және жүрек пен қан тамырларды қатайтады. Алайда ол кей адамдарға зиян болуы мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Жалпы қара өрік қауіпсіз жеміс болып саналады. Бірақ ол іш жүргізетін әсерге ие. Сондықтан оны диареяға бейім немесе диареямен ауырып жатқан адамдарға жеуге болмайды. Сондай-ақ кез келген асқазан-ішек жолы ауруы, әсіресе жоғары қышқылдылығы және асқазан жарасы бар адамдарға қара өрік жеу ұсынылмайды. 

Қара өріктің несеп айдағыш әсері де бар. Сондықтан оны ревматизм, подагра, несеп-тас ауруы бар адамдар жемегені жөн. 

Қара өріктің құрамында қант көп болғандықтан, оны қант диабеті және семіздіктен қиналатын адамдарға көп жеуге болмайды.

Қара өрікті балаға 8-9 ай болғанға дейін бермеген дұрыс, себебі ол аллергиялық реакция беруі мүмкін. Алайда жалпы қара өрікке аллергия өте сирек кездеседі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: