Сенбі, 04 мамыр, 08:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Ұлттық қор – балаларға»: 18 жасқа дейін қанша ақша жиналады?

08.04.2023

1248 0

Сурет: turkystan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қор қаржысын ел игілігіне пайдалану туралы айтып, келер жылдан бастап біршама бөлігін балаларға беруді тапсырған еді. «Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан мен жариялаған балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын» деген еді Жолдауда.

Президент айтқан жаңалық жұртшылыққа жақсы әсер етті. Тіпті ел ішінде «қор қалай құрылады, қанша ақша түседі?» деген секілді сұрақтар легі азаймады. Президенттің бұл тапсырмасын Қаржы министрлігі орындауда. Министрліктің сайтында бұл жобаның 2024 жылдан бастап жүзеге асатыны туралы жазылған. Сонымен қатар қаражат қалай жиналатынын, жобаның іске асу барысы туралы мағлұмат та бар. Сонымен…

18 жасқа толғанға дейін балаға қалай және қанша қаражат жиналады?

Өскелең ұрпақ үшін ұлттық байлықты біркелкі бөлу мүм­кіндігі алғаш рет Ұлттық қор құрылғаннан бері (2001 жылдан бастап) берілді.

Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосудың негізгі тәсілдерін әзірледі. Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінеді.

Инвестициялық табыстың ық­тимал теріс мәндерін жекелеген уақыт аралықтарында нивелирлеу мақсатында инвестициялық табыс мөлшерлемесін есепті кезеңге өткен 18 жылдағы орташа жылдық мән негізінде айқындау жоспарлануда.18 жасқа дейінгі баланың жинақ­талуының болжамды сомасы шамамен 3,5 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін.      Бұл сома капитал нарығының құбылмалылығын ес­кере отырып, тарихи деректер негізінде есептелген және әлемдік экономиканың конъюнктурасына байланысты түзетілуі мүмкін.

Жобаны іске асыру механизмі қандай?

Жоба келесідей жүзеге асы­рылады.

1. Шоттар «БЖЗҚ» АҚ-да (екінші деңгейдегі банктерге жүгіну талап етілмейді) Әділет министрлігінің жеке тұлғаларының дерекқоры негізінде автоматты түрде ашылатын болады.

2. Жыл сайын қаңтар айында жобаға қатысқан сәттен бастап 18 жасқа толғанға дейін «БЖЗҚ» АҚ-дағы балалардың шоттарына шартты түрде қаражат есептелетін болады.

Мысалы, егер бала жоба бас­талған кезде 5 жаста болса, оған жыл сайын 13 жыл ішінде, яғни кәмелетке толғанға дейін Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігі есептелетін болады.

3. Жобаға Қазақстан Республи­ка­сының азаматтары саналатын балалар қатысады.

4. Егер 18 жасқа дейінгі бала елден кетіп, Қазақстан азаматтығын өзгертсе, онда төлемдерге талап қою құқығы жоғалады. Қаражат барлық балалар арасында қайта бөлінеді. Бала елден 18 жасқа дейін азаматтығы ауыспай кеткен жағдайда төлемдерге талап қою құқығы сақталады.

5. Шот қаражатын салық салудан босату ұсынылады. 18 жасқа толған кезде шоттардан қаражат төлеуді АҚШ долларымен жүзеге асыру ұсынылады.

Іс жүзінде 18 жасқа толғанға дейін ақша Ұлттық қорда қалады және қаржы құралдарына инвести­ция­ланады.

6. 18 жасқа толған кезде қара­жат баланың меншігі болады, ол қаражатты қалай пайдалану керектігін өз бетінше шешуі керек (білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға).

Бұл ретте шетелдік оқу ор­нында оқу ақысын төлеуге қара­жатты пайдалануды шектемеу жос­парлануда.

Өз кезегінде Тұрғын үй жағдай­ларын жақсарту немесе тұрғын үй сатып алу үшін қаражатты пайдалануға тек Қазақстан аума­ғында ғана рұқсат етіледі. Осы қаражатқа сатып алынған тұрғын үйді қайта сату бойынша шектеулер көзделмейді.

7. Қаражатты мақсатты пайда­лану үшін «БЖЗҚ» АҚ өзара іс-қимыл жасайтын уәкілетті опе­раторларды («Отбасы банк» АҚ, екінші деңгейдегі банктер) анықтау ұсынылады.

8. 18 жасқа толғанда шоттағы қаражат 5-10 жыл бойы сақталады. Талап етілмеген жағдайда 5-10 жыл ішінде шоттағы қаражатты зейнетақы шотына аудару ұсы­нылады.

9. Сондай-ақ азаматтық заңна­маға сәйкес іс жүзінде жинақталған қаражатты мұрагерлік бойынша беру мүмкіндігі көзделеді.

10. Бала әрекетке қабілетсіз болған жағдайда, ата-аналарға (заңды өкілдерге) ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен қаражатты пайдалануға құқық беру жос­пар­лануда.

Тұтастай алғанда, ұсынылған алгоритм бойынша жобаны іске қосу үшін заңнамаға өзгерістерді қоса алғанда, дайындық жұмыстарын жүргізу қажет болады.

Биыл Қазақстан Республикасы­ның заңнамасына және тиісті нормативтік құқықтық актілерге түзетулер қабылдау жоспарлануда.

Жобаны іске қосу тестілеуі тиісті платформаларда (қосымшалар, БЖЗҚ сайты) өткізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: