Дүйсенбі, 09 қыркүйек, 20:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№71 (2081)
07.09.2024
PDF мұрағаты

«Таза бейсенбі» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

05.09.2024

418 0

Партияның қалалық филиалының аппараты және бастауыш партия ұйымдарының мүшелері «Таза бейсенбі» партиялық акциясы аясында Темір жол саябағына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Басты мақсаты тазалық жұмыстарын жүргізу ғана емес, еліміздің тазалығы мен әсем табиғатына қамқорлық жасайтын, қоғамдағы вандализмнің көріністеріне төзбейтін заң мен тәртіптің үстемдігі қағидатына сәйкес келетін саналы экологиялық қоғам құру.

Акция аясында өңірдің барлық аудандарында алдын-ала елді мекендердің ластанған аумақтарының карталары әзірленіп, әрбір ластанған учаскеге партияның бастауыш партия ұйымдары мен филиалдары бекітіліп, олар ай сайын бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етуде.

Тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан «Мейірім» бастауыш партия ұйымының төрағасы Әмір Нұрланұлы:

  • Тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында партияластармен апта сайын тазалық жұмыстары ұйымдастырылуда. Өзіміз медицина саласының өкілдері болғандықтан тазалық сақтауды қолдаймыз. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы халыққа жолдауында «Таза Қазақстан» акциясының басым рөлін атап өтіп, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру жайлы да сөз қозғады.
    Сонымен қатар, Мемлекет басшысы экологияға оң әсерін тигізетін Атом энергиясының да артықшылықтарын атап өтті. Расында атом энергиясы қоршаған орта үшін қолайлы әрі халыққа тиімді екені сөзсіз,-деді.

Айта кетейік, бұған дейін партияластарымыз қаладағы саябақтарға, өзен мен арналар маңын тазартуға атсалысып, экологиялық акцияны қолдаған болатын.

AMANAT

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: