Бейсенбі, 28 наурыз, 22:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

ҚЫЗЫЛОРДА ТАЗАЛЫҒЫ: «ҮЗДІКСІЗ ҚЫЗМЕТ!»

19.02.2021

7202 0

Қызылорда қаласының тазалығын үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында «Қызылорда тазалығы» ЖШС заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетіп келеді.

Бүгінгі күні көшелердің санитарлық тазалық жұмыстарына 42 дана арнайы қоқыс жинақтаушы көлік, 6 дана КАМАЗ, 6 дана арнайы тіркемесі бар трактор, 3 дана погрузчик жұмылдырылған.

Қаланың 813-тен астам көшелерінің тазалығын қамтамасыз етуге 140 жұмысшы күші, 58 жүк тиеуші, 60 жүргізуші қызметкерлер біріктірілген. Қоқыс шығару жұмыстары екі ауысымда жүргізіледі. Түнгі ауысымдық жұмыстарға 7 техника қарастырылған.

Алайда, тұрғындардың тазалық мәселесіне бей жай қарауы, тұрмыстық қалдықтарды көрінген жерге тастауының салдарынан еткен еңбектің зая кетіріретіндігі тағы бар. Аталған шараға сәйкес тиісті мекемелер тарапынан тұрақты түрде тазалық рейдтері жүргізіліп отырады. Рейд барысында қоқысты белгіленбеген орынға тастау фактісі тіркелген жағдайда ескерту, нәтиже шықпаса, айыппұл төленеді.

Айта кету керек, тұрғын үйлерден шығарылатын қоқыс негізінен бөлшектенуі тиіс. Мәселен, тұрмыстық қатты қалдықтардан бөлек, құрылыс заттарын шығару арнайы шақырту арқылы алынады. Және де санитарлық талапқа сай әр уйдің иесі өзіне темір контейнерлер қойып, бекітілген тарифтер бойынша төлем жүргізуі тиіс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: