Бейсенбі, 02 мамыр, 06:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жылуда ақау жоқ па?

08.12.2020

1596 0

Сырдария өзенінің сол жағалауында қарқынды тұрғын үй құрылысы басталғалы қоныстануға ниетті азаматтардың қатары артты. Екі жыл ішінде 64 көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталып, бүгінде соның 49-ы пайдалануға берілген. Екі мыңнан астам қызылордалық жаңа аумақтың тұрғыны атанып, қуаныш та еселенді. Алайда қыс таяған сәтте тұрғын үйдің жылу мәселесі мәз емес деген шағым мен наразы пікір көбейгені белгілі. Туындаған мәселені реттеу үшін сала мамандары жылу жүйелерін тексерді.

2018 жылы сол жағалаудағы тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Ария Жаңа Астана» ЖШС автономдық қазандықтың құрылысын бастаған болатын. Биыл жоба сәтті аяқталып, модульдік жылу қазандығы арқылы сол жағалау аумағында орналасқан 32 көпқабатты тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысанға жылу жетті. Ал кейбір тұрғындар болса жылудың қосылмағанына алаңдап, тиісті мекемеге шағымданған еді.

Сол жағалау тұрғын ауданындағы №47 және 48 көпқабатты тұрғын үйдің жылу жүйесінде орын алған ақауды қайта қалпына келтіру жұмысы жүргізілген. Сала мамандары әрбір үйді тексеріп, түсіндірме жұмысын жүргізді.

Тиісті шараны дер кезінде қолданып, шапшаңдық танытқан мамандарға тұр­ғындар да алғысын білдіруде.

– Баспанама ауыз су, ыстық су келіп, жылы болуы үйді жайлы, көңілді тоқ етеді, – деді көпбалалы ана Айдана Молданазарова.

Ерсін БАЛТАБЕКҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: