Дүйсенбі, 09 қыркүйек, 20:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№71 (2081)
07.09.2024
PDF мұрағаты

Мейрамбек Шермағанбет: 600 орындық мектептің құрылысы басталады

09.09.2024

70 0

Биыл Қазалы құрылысында татымды тірлік көп. “Руханият жылы” аясында бой көтеретін Руханият орталығының құрылыс-монтаж жұмыстары бастау алып, орталықтың іргетасын құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жанқожа батыр ауылынан 300 орындық мектеп ғимаратының да құрылысы жүйелі. Тұрғын үйлер де бой көтеріп, аудан ажарын айшықтап жатыр. Құрылыс саласындағы қарымды істерді Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баяндап берді.

– Биыл аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен, 2024 жыл Сыр өңірінде «Руханият» жылы болып жарияланды. Жыл аясында барлық аудандарда «Руханият» орталықтарының құрылысы басталуда. Жуық арада ауданда аталмыш нысанның іргетасы қаланбақ. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жанқожа батыр ауылынан 300 орындық мектеп ғимараты құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының кірпіш қалау жұмыстары аяқталып, төбе жабындысын жабу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аталмыш жоба аясында биыл Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығынан жоспарланған 600 орындық мектептің құрылысы басталады. 2024 жылға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 спорт кешені және 1 ауылдық клуб нысаны құрылысын бастауға тиісті қаржы бөлініп, мердігерлері анықталып, құрылыс жұмыстары басталды. Өткен жылы ауданымыздағы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 52 отбасыға баспана тапсырылған болатын. Биыл да үлгілі үрдіс жалғасып, жалға берілетін тұрғын жай сатып алуға қаржы бөлініп, барлығы 2 пәтерлі 75 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бүгінгі таңда бастапқы 123 тұрғын жай сатып алуға тиісті қаржы бөлінді. Дәл қазіргі уақытта тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде, – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: