Сәрсенбі, 16 қазан, 15:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық ата-аналар балабақшада Face ID жүйесін қолдануға қарсы петиция жариялады

09.10.2024

252 0

Сурет: yahoo.com

Қазақстандық ата-аналар балабақшаларда Face ID жүйесін қолдануға қарсы петиция жариялады. Айтуларынша балаларының биометриялық дерегі интернет желісі арқылы алаяқтардың қолына түсуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Балабақшадағы Face ID жүйесі былтырдан бері пилоттық режимде еліміздің 4 өңірінде жұмыс істеп тұр. Мұнда тәрбиешілер әр баланы смартфонға суретке түсіріп, оны арнайы бағдарламаға жүктейді екен. Сол арқылы олардың балабақшаға келгенін растайды. Алайда ата-аналар биометриялық дерек жинауға қарсы шықты.

“Жазылған келісімшартты оқыдым, біз сіздердің берген ақпараттарыңызға жауапкершілік алмаймыз делінген. Балаларды жіберген кезде 1 емес 2-3 рет түсіреді екен. Ол суреттер әкімдіктің базасына кетеді екен. Бірақ ол жақтан кім қарайды оны біз білмейді екенбіз. Шыныменде казіргі цифрлық заманда балалардың суреттерін әр жерден алады. Желілерде онсызда суреттері көп балалардың. Ал мынандай құжатқа түсетін суретті көптеген жерге қолдануға болады деп ойлаймын”, – деді Алматы қаласының тұрғыны Гүлшат Кенжеболатова.

Сондай-ақ, өңірлердегі тегін шығармашылық және спорттық үйірмелерге де дәл осы FACE ID жүйесі енгізілген. 

“Балалардың деректері сатылмайтынына кім кепіл? Баланың артында біздің деректер де бар”,- деді Алматы қаласының тұрғыны Ділбір Мұзафарова. 

Ал, заңгер Камшат Шынтекова балалардың биометриялық дерегін сертификатталған құрылғымен емес, ұялы телефон арқылы түсіріп жіберу заңға қайшы екенін жеткізді. Айтуынша бұл алаяқтардың жұмысын жеңілдетеді.  

“Біздің ҰҚК қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуде сәл салғырттау десем қате болмайды. Сол себепті бұл мәліметтер болашақта біреудің қолына кетіп қалса да ертеңгі күні балаға қиянат болуы мүмкін. Ересектер мен балаларды салыстыруға келмейді. Бұл мемлекетіміз үшін сәл ертерек”, – деді заңгер.

Бүгінде ата-аналар арнайы петиция жариялаған. Оған екі жүзге жуық адам қол қойған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: