Жексенбі, 08 желтоқсан, 04:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық блогер Америка әуежайында шу шығарған

16.10.2024

590 0

Фото: instagram.com/super.mamasita/

Супер Мамасита лақап атымен танылған қазақстандық блогер Әлия Байтуғаева шетелде шу шығарып, соңында айыппұл төлемеу үшін кешірім сұрауға мәжбүр болған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Блогер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтып берді. 

Блогердің айтуынша, ол ұшақта телефонын ұмытып кеткен. Телефоны жоқ екені әуежайдың ішінде жүргенде есіне түскен. Бірақ жолаушы ұшақтан шығып кеткеннен кейін бортқа қайта оралуы қиын. Осылайша, қайтадан ұшаққа орала алмай, әуежай қызметкерлерімен жанжалдасқан блогер күш көрсетпек болған. 

Әлия Байтуғаева ұшаққа жібермеген бақылаушы әйелмен жанжалдасқан соң оқиға орнына полиция келген. Олар мән-жайды анықтауға тырысқан. Қазақстандық блогер өзінің блог түсірумен айналысатынын, барлық жұмысы, қаражаты мен банк карталары телефонында қалғанын айтқан. Алайда полиция қызметкерлері оған тәртіп бұзғаны үшін шара қолданбақ болған. Соңында Әлия Байтуғаева АҚШ-қа марафонға келгенін және блогерлікпен айналысатынын айтып, түсіндіруге тырысқан. 

Заң өкілдері блогерге бір жолға кешірім берген. Алайда мұндай құқықбұзушылық қайталанса, 14 мың доллар айыппұл салынатынын ескерткен. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: