Жұма, 08 қараша, 23:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Ауыз су сапасы бақылауда

15.10.2024

308 0

Қызылорда облысы тұрғындарының орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 98,7%, орталықтандырылмаған сумен 1,2%, тасымалды ауыз сумен 0,1% қамтамасыз етілген. Жалпы облыс бойынша негізінен жер асты су көздері пайдаланылуда.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 204 сумен жабдықтау объектісі бар, оның ішінде: 182 орталықтандырылған жүйелердің су құбырлары және 22 орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері.
2024 жылдың 9 айында орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінен микробиологиялық көрсеткіштеріне 1983 су сынамасы алынып, оның 5-уі талаптарға сәйкес келмеді, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы 0,25 пайызды құрады (талаптарға сай келмейтін су сынамалары Жалағаш, Қызылорда қаласында анықталды).
Ауыз судың санитариялық-химиялық көрсеткіштеріне 1983 сынама алынып, оның 39-да сәйкессіздік анықталды, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы 1,97 пайызды құрады (талаптарға сай келмейтін су сынамалары Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында анықталды). Санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік көбіне: құрғақ қалдық, хлоридтер бойынша нормадан жоғары анықталды.
Облыс көлеміндегі барлық орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінде жуу-тазалау және дезинфекциялау жұмыстары толығымен жүргізілді. Халық арасында су факторына байланысты аурушаңдық тіркелген жоқ.

Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: