Сәрсенбі, 16 қазан, 15:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ауласына сора еккен азамат ұсталды

11.10.2024

189 0

Қызылордада полиция қызметкерлері үйінің ауласына есірткі еккен тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үйінің ауласына есірткі өсірген 54 жастағы қала тұрғынын Қызылорда полицейлері жедел шара барысында ұстады. Тұрғынның үйінен 34 түп сора өсімдігіне ұқсас шөп тәріздес зат дәлелдеме ретінде алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 3,6 келі сора өсімдігі болып шықты.

Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Соттың үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: