Сәрсенбі, 16 қазан, 17:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

LRT жобасы аясында көпірдің құрылысы аяқталды

16.10.2024

79 0

Сурет:CTS

LRT жобасы аясында Есіл өзені арқылы өтетін аспалы көпірдің құрылысы аяқталды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеме жасады. 

Жауапты компанияның айтуынша, көпірдің ұзындығы – 155 метр, ені – 14 метр, биіктігі – 28 метр.

«Жол төсемі темірбетон тақтасы бар арқалық тор түрінде жасалған. Көпір Есіл өзені үстіндегі қолданыстағы автокөпірдің жанында орналасқан. Бұл жаңа нысан қала инфрақұрылымына кедергісіз салуға мүмкіндік береді. Құрылым су деңгейінің және аймақтың климаттық жағдайындағы ықтимал өзгерістерге төтеп беру үшін өзеннің ерекшеліктерін ескере отырып жобаланған», – делінген ақпаратта.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: