Бейсенбі, 31 қазан, 21:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86-2096
29.10.2024
PDF мұрағаты

Мұхаммед Хайдар Дулатидің 525 жылдығына арналған республикалық конференция өтті

24.10.2024

233 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде тарихшы, ғалым Мұхаммед Хайдар Дулатидің 525 жылдық мерейтойына арналған «М.Х.Дулати мұраларының тарихи, өркениеттік аспектілері» атты республикалық конференция өтті.

Конференцияны Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай жүргізіп, тарихи тұлғаның ғылыми мұрасын зерттеп, оның тарихи және мәдени маңыздылығын қазіргі заманмен ұштастырудың маңыздылығын атады. Конференция барысында еліміздің беделді ғалымдары бірқатар маңызды баяндамалар жасады.

Алғашқы болып Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ҚР ҰҒА академигі Берекет Кәрібаев «М.Х.Дулати – Қазақ хандығының тарихын тұңғыш зерттеуші» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде Қазақ хандығы тарихындағы рөліне тоқталып, оның еңбектерінің бүгінгі ғылымға тигізер әсерін атап өтті.

М.Х.Дулати қорының директоры әрі Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұхтар Қазыбек «Мұхаммед Хайдар Дулати және Шығыс өркениеті» тақырыбында Дулатидің Шығыс өркениетіне қосқан елеулі үлесін жан-жақты талқылады.

Ал М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақ «М.Х.Дулатидің жазушылық шеберлігі және «Жаһан-наме» дастаны» тақырыбы аясында Дулатидің әдеби мұрасын, атап айтқанда «Жаһан-наме» дастанының көркемдік ерекшеліктерін сараптады.

Сонымен қатар, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сейдахан Бақтыоразов «М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі тарихи – танымдық деректер» баяндамасында бұл еңбектің қазақ тарихына қосқан құнды үлесіне тоқталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Тарих және археология» БББ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Өтеубай Қожақұлы «Тарих-и Рашиди» еңбегінің аудармалары мен қолжазба нұсқалары жайында» баяндамасында Дулатидің қолжазбаларының аударылу тарихы мен ерекшеліктерін талқылса, «Тарих және археология» БББ ғалымы, тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Сәтбай «М.Х.Дулати – саясаткер, ғалым, қолбасшы» тақырыбы бойынша Дулатидің саяси қызметі мен әскери қолбасшылық қабілеттерін жан-жақты баяндады.

Конференция соңында қатысушылар Мұхаммед Хайдар Дулатидің шығармашылық және ғылыми мұрасы қазіргі заман үшін өзекті екенін атап өтіп, оның еңбектерін әрі қарай терең зерттеу қажеттілігін айқындады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: