Бейсенбі, 31 қазан, 19:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86-2096
29.10.2024
PDF мұрағаты

Полиция қызметкері жасөспірімді көлікпен қағып өлтірген

24.10.2024

457 0

Полиция қызметкері жасөспірімді өзінің қызметтік көлігімен басып өлтірді. Оқиға Атырау облысында орын алған, деп хабарлайды Alash.KZ.

Патрульдік полиция тобының инспекторы кәмелетке толмаған жас жігіттердің мопед айдап жүргенін байқайды. Кейін артынан тоқтауын сұрайды. Бірақ мопед жүргізушісу қаша жөнелген. Ал полицей жасөспірімдерді қуа жөнеледі. Мопед жүргізушісі рөлге ие бола алмай аударылады. Артында қуып келе жатқан полицей көлікті уақытында тоқтата алмай, жерде жатқан жасөспірімді көлікпен басып кетеді. 

Сот отырысында прокурор айыпталушыға 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Айыпталушы өз кінәсін мойындады.

Нәтижесінде полицей кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы және 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: