Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Өлеңін оқып, өзін көруге болады…

24.11.2021

994 0

Өлеңін оқып, өзін көруге болады…

Бұл ақын, Халықаралық «Шабыт» шығармашылық  жастар  фестивалінің  лауреаты,  Қазақстан Жазушылар және Журналистер  одағының  мүшесі, белгілі  тележурналист Толқын Қабылша жайлы. Өлеңдері әсем сөздермен өрнектелген ақынның шығармашылығына құлақ түрмеу мүмкін емес.

Қазіргі таңда өнерге бейім жастарға жетістікке жетудің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген замандасымыздың шығармашылық ерекшеліктерін  үлгілеу, Сыр бойы таланттарының жағымды жаңалықтарын  насихаттау мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығының және №19 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен Толқын Қабылшаның «Поэзия әлемінде» атты жыр кеші өтті. Кешке ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Қызылорда облысындағы филиалының төрайымы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреатыҚаршыға Есімсейтова және ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қатира Қатира Жаленова мен Сырдың серкесі атанған айтыркер-ақын Серік Ыдырысов болды. Сондай-ақ, жаста болса көпке үлгі, ақын Мөлдір Айтбай мен Мақсат Дауылдай да кештің құрметті қонақтары қатарынан көрінді.

Шығармашылық кеште алдымен Қаршыға Есімсейітова сөз сөйлеп, ақын шығармашылыға сәттілік тіледі. Одан әрі Қатира Жаленова« Сөз – қазақтың тегіне, өлең – қазақтың қанына, ал ақын – бағына біткен асылдар. Толқын Қабылшаның ең бірінші сөз киесін түсінуінің өзі, оның жай ақын емес екенін айтады» дейді.

Бүгінде ақын Толқын  Қабылшаның сөзіне жазылған  есті  әндерді  Мақпал Жүнісова  бастаған  Қазақстанның  эстрада  жұлдыздары, айтулы  өнер  иелері  шырқап, тыңдарман  қауымның  ыстық  ықыласына  бөленіп жүргені көпшілікке белігілі. Сондай-ақ, ақын  Толқын  Қабылшамен  шынайы шығармашылық байланыстан туған  көптеген  әндердің авторы  белгілі  сазгер, әнші  Индира  Елубаева  ақынның сөзіне жазылған  «Күз кеуде», «Ана », «Әйел-ғұмыр», «Асыл әке» секілді  бірнеше  әндерді  өмірге әкеліп, ол әуендер қазақ  сахнасында  кеңінен шырқалуда. Осы орайда, қонақтар ақынның әнге жазылған өлеңдерін LEDэкраннан үзінділері берілсе, кеш қонағы Индира Елубаева ақынның сөзіне жазылған «Күз кеуде» әнін шырқап берді. Одан әрі, ақынның өлеңдеріне, жарыққа шыққан кітаптарына тоқталып, ыстық ілтипатын білдірген Серік Ыдырысов ақ батасын берді.

Толқын  Қабылшаның  өлеңдері  бірнеше шет тілдеріне аударылып, бұл күнде «Қазақ заманауи  поэиясы» антологиялық  жыр жинақтарында,  түркітілдес  елдердің  әдебиет кеңістігінде кеңінен насихатталуда.  Автордың «Жаныммен жалғыз кешкем мұң» атты кітабы  2011  жылы оқырманға жол  тартса,  «Жаңбырдағы сағыныш» кітабы  2016 жылы  Алматыда  тұсауы  кесілді. Ақынның «Осы  бір  сәт  ұнайды» атты  үшінші  жыр  жинағы  мемлекеттік  тапсырыс  негізінде жарық  көріп, еліміздің  барлық  кітапханаларында  жыр сүйер  оқырмандарын  қуантуда. Міне, сол оқырмандар әдеби-жыр кешінде ортаға шығып, өлеңдерін оқыса, ал №43 орта мектептің мұғалімі Жұмағалиева Гульзия Өмірзаққызының ақынға арнауын шәкірті Айтбай Көркем жеткізді.

Кеш соңында  Толқын ақынның  болмысын айқындайтын, өмірлік қағидасындай жырларының бір үзігі. Тамшыдай тұнық сезім мен мұңды,қалтқысыз іңкәрлікті өлеңдерінің өн бойына арқау еткен ақын Толқын Қабылша Шахарбекқызы сөз алып, қатысушы қонақтарға өз алғысын білдірді!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: