Бейсенбі, 25 сәуiр, 01:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

АБАЙ СҮЙГЕН ШҮКІМӘН

06.06.2023

1249 0

Абай Құнанбайұлы − қазақтың бас, дара, дана ғұламаларының бірі. Махаббат лирикасын жан-жақты зерттеп, зерделеп әсерлі туынды сыйлаған алып тұлға. Абайдың ғашықтары туралы әңгіме қозғау бір төбе. Абайдың махаббатқа шынайы қарағанын, оның ғашықтарына деген сыршыл сезімдерінен байқауға болады. Бірақ біз бүгін Абайдың Шүкімәнін сөз етеміз.
Шүкімән − Әйкерім. Абай өміріндегі айтулы адамның бірі. Ол Әй-Керім оқиғасы былай басталады. Абайдың әкесі Құнанбай Меккеге кеткеннен кейін Абай мен Ербол екеуі Байшора ауылына аттанды. Ауылға барар жолда жаңбыр жауады. Денеге жылу еніп, шай ішкеннен кейін Абай оттың жылуында аздап жатып, түс көреді. Түсінде сүйіктісі Тоғжанды көреді, кенеттен Абайды шақырғандай дауыс шығады. Абай сыртқа ұйқысын аша алмаған күйінде шығады. Сөйтсе көрші үйде кезінде Тоғжанмен бірге алты бақандай салған әні «Топай көк» әні бұлбұл даусындай құбылып шығады. Естіген жерден Абай Тоғжан деп таниды. Бірақ іс жүзінде ол Тоғжан емес, бірақ Тоғжаннан аумай қалған Байшораның әнші қызы Шүкімән болып шығады. Ал Әй-Керім атын өзі әнші, өзі сұлу бітімге Шүкімән деген атты лайық емес деп тауып, Ербол екеуі Әй-Керім деп ат қояды.
Әй-Керім−Абайдың екінші жары. Бәйбішесі-Ділда атақты Алшынбай әулетінен. Әй-Керімнің шын есімі-Шүкімән. Қазақ-қырғыз елдерінде бір мағынаны білдіреді. Кейбір деректерде-қант секілді тәтті,-деп аударылады. Бүгінгі күнде: Әй-Керім, Әйгерім,−деп айтылады. Шүкімәнға:-Әйгерім,-деген есімді Абайдың өзі қойған. Бойжеткеннің керім болғаны соншалықты, ақын оны «Әй-Керім» деп атап кеткен екен.
Абай Шүкімәнға 30 жасында үйленген, екеуінің арасы 11 жас екен. Әйгерім, Абай өміріндегі Тоғжанды алмастырған сүйікті әйел. Ақын, Әйгерімді кездестірген жерде үлкен бұлақ болған екен, сол бұлаққа қыздың есімі берілген. Әйгерім-бай, текті отбасынан шыққан, арғы бабасы-қазақтарды жоңғарлардан қорғаған−Мамай батыр.
Бір қызығы Ділдә, Әйгерімге үйленемін,-деген Абайдың шешіміне еш мыз қақпаған, үндемей қабылдаған. Күйбелең тіршілік пен алты бала мені тоздырды, үйленсе, үйленсін деп айтқан екен. Абай мен Әйгерімнің махаббаты, аққудың махаббатындай суреттеледі. Екеуінің арасында төрт перзент болады. Тұңғышы Тұрағылды, Ділдә өз тәрбиесіне алып өсіреді. Одан кейінгі перзенттері: Мекайл, Ізкайл, Кенже. Міне, осыдан Абай мен Шүкімән махаббаты көптеген отбасыға үлгі болып, бүгінгі күнге дейін, қазақ-қырғыз отбасыларында: «Әйгерім» есімді қыздар саны артып, жалғасын тауып келеді.

Айгерім ӨТЕП,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: