Жұма, 27 желтоқсан, 21:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Балалардың әдебиетке қызығушылығын арттыратын жоба

09.09.2021

969 0

Егізбаева Сәуле Әбутәліпқызы: «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы балалардың әдебиетке қызығушылығын, сөздік қорын арттыратын бірден – бір керемет жоба.


Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз,әрі басты тұлға — ата-ана.Балаға отбасында берілетін тәрбиенің маңыздылығын әрбір ата-ана -болашақ ұлтты тәрбиелеу деп түсінгені абзал. Еліміздің салт – дәстүрін, тілін, дінін сақтап, басқа ұлт алдында қазақ халқын танытуда Ана тілін жетік меңгерген, тіл байлығы мол ұрпақ тәрбиесі отбасынан бастау алады.


Қазіргі кезде балаларымыздың қолынан ұялы телефонды тастамайтын, жанынан бір елі қалдырмай, ұйқыдан көзді тырналап ашып, телефонға жармаса кететіні жасырын емес. Өзіміз де балаларымызбен отбасында бірге отырып әңгімелесіп, оқыған кітап, көрген фильм туралы әңгімелеп, талдамайтынымыз анық. Осы орайда «Nur Otan» партиясы ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Qazaq Epos» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастырып отырған «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы балалардың әдебиетке қызығушылығын, сөздік қорын арттыратын бірден – бір керемет жоба дер едім.


Менің қызым Төлеп Жансая, №187 Мұстафа Шоқай атындағы ақпараттық технология мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау, өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылатын «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан өтетін байқауға дайындалуда. Алтын Орда мемлекетінің тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән-мағынасын түсіндіруде пән мұғалімі Мұрынбаева Баян апайымен бірлесе талдай отырып, жырды жатқа айтып, мектебінің намысын қорғауға талпынып отыр. Барша қатысушыларға сәттілік, қызыма жеңіс тілеймін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: