Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Марқа қозы

14.02.2022

2147 0

Көгеннен бір күні босанып,

Қозы, лақ кетті жайылып,

Қуанғаннан секіріп,

Желдей есті еліріп.

Жосыды ойға-қырға да,

Жайлып алып құраққа,

Қарындарын тойдырып,

Жүгірісті бұлаққа.

Содан кейін дем алысты,

Жатып алып сыр айтысты.

Сөз бастады марқа қозы,

«Анам менің дәу қой деді

Ірі болмыс қол-аяғы,

Жұрт қызығар қоңдысы еді.

Бір күні совхоз бастық келді

Өзі бір семіз томпақ кісі,

Көзі түсіп қой анама,

Бүйрегі бұрып есі кетті.

Қойшекеңді қолқалады,

Ортаға алып бопсалады,

Бермесіне жанын қоймай,

Қойшекеңді көндіреді.

Сыйластықтан, қыймастықтан,

Қойшекең де қойды берді,

Бастық айтса орындалар.

Ләппай деді, амал бар ма?»

Деп марқа қозы,

Әңгімесін аяқтады.

«Қайда кетті анаң?» десе,

«Жоғарылып кетті» депті.

Марқа қозы қайдан білсін,

Құрбандыққа шалынғанын,

Уақыт өтер сонда білер,

«Жоғарылап» кететінін.

Рысбек Тобылов,

Тасбөгет кенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: