Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 06:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сара сөздің семсері

18.04.2023

942 0

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана мен  №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен журналист, жазушы Сақтапберген Әлжіковтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Сара сөздің семсері» атты әдеби кеш өтті.

Сыр халқының  ыстық ықыласына бөленген Сақтапберген Әлжіковтің   өнегелі өмір  жолын өскелең  ұр­паққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға деген құлшынысын арттыру мақсатындағы шараны ҚМУ студенті,  кітапхана оқырманы Санақұл Бексұлтан  С.Әлжіковке  «Арнау» өлеңімен ашты.

Әдеби кешке Қызылжарма ауыл­дық округінің тұрғыны, зейнеткер Қожахмет Ыдырысов, республикалық «Әлімсақ» журналының бас ре­дакторы Нұрлан Көбегенұлы, С.Әлжіковтің немересі Жәнібек Орынбасарұлы Әлжіков қатысты.

Рухани шарада «Сатира саңлағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ көрермендерге экраннан  Сақтапберген Әлжіковтың өмірі мен шығармашылығына  арнал­ған бейнебаян көрсетілді. Қарап отырсақ, сықақ әңгімелері қоғам­дағы белең алып отырған кейбір келеңсіз құбылыстарды, адам пси­хологиясындағы, олардың күн­делікті қарым-қатынасындағы ерсі қылықтарды сын садағына ілген. Әрбір мәселені сатира тілімен  жеткізген.

Кеште сықақ әңгімелерінен мәдениет қызметкерлері көрініс көрсетті.  Қаламгердің  адалдық, адамгершілік, намыс, батылдық, ең­бекқорлық қасиеттердің қоғам дамуы үшін қажет құндылықтар екенін көркем тілмен бейнелеген шығармалары бойынша қойылған қойылымда  оқырманға  ой сала­тындай шынайы көрсетілді.

Кеш қонақтары сөз алып қаламгер шығармашылығының қоғамдағы маңызы мен шынайылығы туралы  естеліктер айтты.

С.Әлжіковтер әулеті өзінің ең­бегімен, білімімен, өнерімен Сыр жеріне танымал. Сақтапберген ағамыз оқырман жанын қаламымен емдесе, немересі Жәнібек  адам­ның тәнін емдеп, халықтың ризашылығына бөленіп жүрген ақ халатты абзал жан.

Шара барысында Қызылжарма мәдениет үйінің қызметкерлері  Мирамбек Көшеков, Қуаныш Ахметқызы қатысушыларға әннен шашу шашты. Аталған кешті қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлмира Шамсутдинқызы қорытындылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: