Сейсенбі, 03 желтоқсан, 22:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Шыны шәйнек

15.03.2022

1643 0

Ас үй – дәмнің мекені,

Дайындалар астың әр түрі,

Салаттар мен самсалар,

Неше түрлі дәм суы.

Стол үсті ыдыстар,

Фарфор ыдыс, хрусталь,

Алтын, күміс жалатқан,

Көз алар сұлу дастархан.

Шат шадыман қуаныш

Ыдыстар жатыр қуанып,

Атқардық деп міндетті,

Көңілденіп, шаттанды.

Сөз қозғады шыны шәйнек,

Кеуде қағып сөйледі кеп:

«Мен болмасам сендерге қайда,

Абырой, атақ менде ғана.

Байқаған да боларсыңдар,

Қонақтардың жәй күйін,

Келген бойдан шәй сұрады,

Бет сипасқан батадан соң.

Шөліркеп келген алыс жолдан,

Таңдайы кеуіп, шеке қызған,

Бір ұрттам шәй ішкеннен соң,

Мақтау айтты маған ғана».

Деп  шәйнек масаттанды,

Мақтанудан басы айналды,

Сәлден кейін үй иесі,

Байқамай оны құлатып алды.

Өркөкірек шәйнекті,

Құдай осылай жылатып алды.

Быт-шыт болды шәйнегің,

Қирады шыны-әйнегің.

Тоқтамай сонша мақтанып еді,

Мақтанғаннан жақ талып еді.

Ақыры болды масқара,

Қоқысқа қарай лақтырып жіберді.

Рысбек ТОБЫЛОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: