Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінің кітапханашылары Л.Омарова, Қ.Досымова 9 «в» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі А.Балымбетованың ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны, жыр дүлділі Жамбыл Жабаевқа 175 жыл толуына орай «Жүз жасаған бәйтерек» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.
Аталған шара оқырмандарды қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өмір жолы және шығармашылығымен таныстыру, оның ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, бағалай білуге ұғындыру, ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында өтті.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ақынға арналған шарасына 9 «в» сынып оқушылары белсене атсалысып Жамбыл Жабаевтың өлеңдері мен айтыстарын, тарихи-эпикалық дастандарын жатқа айтты. Сонымен қатар мектеп кітапханашысы Қ.Досымова «Жыр алыбы Жамбыл» атты кітап көрмесімен таныстырды.
Жамбыл – таза ұлттық құбылыс. Жүзге жеткенше жүрегінен жыр төгілген ұлтымыздың ұлы жырауы ең алдымен ұлтына керек, қадір тұтқан халқына керек. Ал ел ертеңін жалғар жастардың ұлтымыздың ұлы өкілдерін жадыда сақтап, шығармашылығына қызықса ұлттық болмысымызды мәңгі сақтайтынымыз рас.
Л.ОМАРОВА,
№173 орта мектептің кітапхана меңгерушісі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!