Моңғолияда қызылшамен ауырғандардың жалпы саны 506 адамға жетті. Елдің Ұлттық жұқпалы ауруларды зерттеу орталығының жексенбі күні таратқан мәліметіне сәйкес, соңғы тәулікте инфекцияның тағы 11 жаңа жағдайы тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Ресми деректерге сүйенсек, соңғы анықталған жағдайлардың көпшілігі — мектеп жасындағы, қызылшаға қарсы тек бір реттік вакцина алған балалар арасында кездесіп отыр. Осыған байланысты мамандар ата-аналарға балаларын екі дозалы вакцинамен егуді ұсынып, аурудың алдын алуға шақырды.
Дәрігерлер қызылшаның — жоғары жұқпалылықпен сипатталатын және ауыр асқынуларға әкеп соғуы мүмкін вирус тудыратын инфекциялық ауру екенін ескертеді. Оның негізгі белгілеріне қызба, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу, тамақ ауруы және көздің шырышты қабығының қабынуы жатады.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, бұл аурудан қорғанудың жалғыз тиімді жолы — уақытылы вакцина салдыру.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!