Германияның Ішкі істер министрлігі оқушыларды соғысқа және өзге де дағдарыстық жағдайларға дайындау қажеттігін қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Handelsblatt газетіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл шешім «алдағы уақытта Ресей мен НАТО арасында қақтығыс болуы мүмкін» деген болжамға байланысты екені айтылды. Себебі министрлік бұл сценарийді шынайы қауіп ретінде қарастырып отырған көрінеді.
Сондай-ақ министрлік Еурокомиссияның төтенше жағдайларға әрекет ету стратегиясын қолдады. Бұл стратегия бойынша халық 72 сағатқа жететін азық-түлік пен қажетті заттардың қорын жинап қоюы тиіс.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!