Ирандағы соғыс қимылдарының күтпеген жерден жедел қарқын алуы әлемдік мұнай нарығындағы бағаның күрт құбылуына тікелей әсер етті. Соңғы тәулікте «қара алтынның» құны барреліне 120 долларға дейін көтеріліп, 2022 жылдың маусым айынан бергі рекордтық көрсеткішке жеткен болатын, – деп хабарлайды kursiv.media
Алайда АҚШ-тың әскери қимылдары бастапқы жоспарланған 4-5 апталық кестеден айтарлықтай озып, соғыстың іс жүзінде аяқталуға жақын екені туралы ақпарат тараған соң, нарық бірнеше сағаттың ішінде жауап қайтарды. Баға алдымен 99 долларға, артынан 83 долларға дейін құлдырап, кейіннен 89 доллар деңгейінде біршама тұрақталды.
Дональд Трамптың ресми мәлімдемесі бойынша, небәрі үш жарым күн ішінде Иран Әскери-теңіз флотының 46 кемесі жойылып, елдің зымырандық және дрондық мүмкіндіктері толықтай талқандалуда. АҚШ басшылығы жау түпкілікті жеңілгенше тоқтамайтынын айта келе, Иранның болашақ саяси басшылығына қатысты белгісіздік орнағанын алға тартты. Осылайша, соғыс қаупінің сейіліп, геосаяси жағдайдың жаңа арнаға бұрылуы мұнай бағасының қайтадан төмендеуіне негізгі себепші болып отыр.
Сонымен қатар, АҚШ президенті алдағы уақытта Ресейдің мұнай экспортына қарсы санкцияларды жеңілдетіуі мүкін екенін және оның уақытша шара болуын да жоққа шығармады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
