Жұма, 03 мамыр, 08:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

20 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал

20.09.2023

429 0

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Жұмыста жоғарылатуды сұрамас бұрын, қазіргі лауазымыңыздағы еңбегіңізді және көбірек жауапкершілік алуға дайын екеніңізді байсалды түрде бағалауға тырысыңыз. Осы уақыт ішінде сізді қолдаған сүйікті адамыңызға рахмет айтуды ұмытпаңыз. Оған себепсіз сыйлық дайындаңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Үйіңізді толық тазалайтын уақыт келді. Жағымды иісі бар өнімді пайдаланыңыз, осылайша таза әрі жұпар иіске толы бөлмелер сізге бұрын-соңды болмаған сергектік пен қанағаттану сезімін сылайды. Көңіл көтеру үшін косметикалық лайфхак қолданып көріңіз: сіз макияжға жұмсайтын уақытты айтарлықтай азайтудың жолын таба аласыз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Позитивті күн болады, бірақ күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін. Бүгін физикалық белсенділік танытудың қажеті жоқ, бұлшық етті ауыртып алу қаупі бар.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Түстен кейін көңіл-күйді көтеру үшін қаланы аралаңыз, бірақ суық тиіп қалмас үшін ауа райына сәйкес киініңіз. Сондай-ақ бүгін медитация жасауға керемет күн.

Егер сіз соңғы уақытта үнемі апатия мен күйзелісте жүргеніңізді сезсеңіз немесе әрқашан қуанатын нәрсеге риза болмай жүрсеңіз, психологпен кеңесуіңіз керек. Өз эмоционалдық жай-күйіңізді бақылаңыз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Мүмкіндігінше, өз денсаулығыңызды кешенді жоспарлы тексеруді ойластырыңыз. Ол кез келген ықтимал аурулардың алдын алады немесе дертті ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Жақындарымыздың сенімі біз үшін ең қымбат нәрсе. Сізге ащы шындық айтылса да, барынша ұстамды болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Үйіңізге жақын жерден аяқ киім жөндейтін дүңгіршектер іздеңіз, жақын арада мұндай дүңгіршектер сізге қажет болып қалуы мүмкін. Сізді ұзақ жылдар бойы қолдаған достарыңызды бағалаңыз және олардың ескі кемшіліктеріне көз жұма қараңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Тәжірибе үшін су мен электр энергиясын үнемдеуге тырысыңыз және бұл тәжірибе коммуналдық төлемдеріңізге қаншалықты әсер ететінін бақылап көріңіз. Тіпті ең қиын, жағымсыз істерді кейінге қалдырмаңыз. Ішкі түйсігіңіз оларды тез шешу жолын көрсетіп береді. Ақшаға абай болыңыз, себебі сіз сәтсіз саудаға тап болуыңыз мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Ескі достарға уақыт табыңыз, оларды кездесуге өзіңіз шақырыңыз. Бастаманы өз қолыңызға алыңыз, сізді бәрі жақсы қабылдайтын болады. Шаршасаңыз, демалыңыз. Жұмысыңызды тоқтатып, кідіріс жасаңыз. Бұл денсаулықты бірқалыпты ұстауға мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін қарым-қатынаста көнуге тырысыңыз, серіктесіңізге жетекшілік етуге мүмкіндік беріңіз. Бұл сіздің жұбайыңыз үшін маңызды. Жұмысқа барып келуді қоспағанда, күніне кемінде 10-15 минут қысқа серуенді ережеге айналдырыңыз. Бұл уақыт сіздің эмоционалдық және физикалық күйіңізге оң әсер етеді.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Өзіңізге үнемдемеңіз, көптен армандаған дүниелерді алатын кез келді. Дүкенге барып, қымбат заттар сатып алыңыз. Отбасылық бюджетті жоспарлауға қолайлы күн.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Сән қумаңыз, өз стиліңізді сезініңіз, бұл сізге керемет көрінуге және бір айдан кейін-ақ сәннен шығып қалатын трендтік заттарды сатып алмай, ақшаңызды үнемдеуге мүмкіндік береді. Соңғы уақытта достарыңыз сізбен кездеспей кеткен болса, уайымдамаңыз: олар сізді жақсы көреді және бағалайды, олар қазір қиын кезеңді бастан өткеруде, сабырлы болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Гардеробыңызды тазалаңыз: кимейтін киімдерден арылыңыз және жаңа заттарға орын босатыңыз. Туыстармен қарым-қатынаста азғантай келіспеушіліктер болуы мүмкін, бірақ бәрі ойдағыдай болады, алаңдамаңыз.

Ақпарат көзі: nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: