Жексенбі, 05 мамыр, 12:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

21 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал

21.09.2023

331 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Балаларға назар аударыңыз, оларға қиындықтарды жеңуге көмектесіңіз, тез шешім қабылдаңыз. Достық қарым-қатынас жақсы көңіл-күйді жоғалтпауға көмектеседі және үмітіңіз таусылғанда күш береді. Бүгін осыны ұмытпаңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін жұмысыңызды екі рет тексеріңіз: тиісті назар аудармағандықтан, қателесу қаупі бар. Кейбір досыңыз сізден қарызға ақша сұрауы мүмкін, дайын болыңыз. Егер сома сіз үшін тым көп болып көрінсе, болашақта сол жағдай достығыңызға әсер етпеуі үшін бұған қатысты шыншыл мінез танытқаныңыз жөн.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Балаларға отбасындағы қарым-қатынастың қандай болатынын көрсету маңызды. Ата-ана арасындағы қатынас сыйластыққа негізделген әрі жылы болса, онда бала да осындай ортаны іздейтін болады. Балалардың көзінше қатты айғайлап, дауыс көтермеуге тырысыңыз. Отбасыңызбен уақыт өткізіңіз, балаңызбен бірге үй тапсырмасын орындаңыз, қызықты іспен айналысыңыз, сөйлесіңіз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгінгі таңда табиғат аясында спортпен шұғылдану, қалыпты ұйқы режимін қалпына келтіруге тырысу әсіресе пайдалы. Түн ортасына дейін ұйықтауға тырысыңыз.Біліміңізді шыңдауды жоспарлап жүрген болсаңыз, бүгін бұл жоспарыңызды жүзеге асыруға оңтайлы күн болмақ. Осылайша жаныңызға жақын жұмыс табуыңыз әбден мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Егер сізді әлдебір ой мазалап жүрсе, онда оны сүйікті адамыңызбен талқылаудан қашпаңыз. Серіктестіңіз сізге қажет көмек пен қолдауды көрсетеді. КонМари тәсілімен үй жинап көріңіз, бәлкім бұл сіздің жұмысыңызды жеңілдете түседі.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Серіктесіңіздің қалауына да мән беріңіз, бәлкім ол жұмысқа басымен кіріп кеткісі келетін шығар. Ол кездесуден гөрі жұмысына көбірек мән бергісі келсе, онда ұстамаңыз. Естелік үшін достарыңызбен көбірек суретке түсіңіз, жасқа жас қосылған сайын, бірге өткізілген уақыттан естеліктер құнды бола түседі.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Бұл сәтті күн болады. Таңертең жақсы жаңалықтар мен тосын сыйлар күтіңіз. Көптен күткен айқындылық пайда болады. Кешке өте жағымды оқиғалар болады. Романтика мен қамқорлық жүрекке жылу сыйлайды.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Басқа істің бәрін қойып, отбасыңызға уақыт бөліңіз. Жақын жандарға жылулық жетіспейді. Бүгін үй шаруасына қолайлы күн емес. Оны барынша кейінге қалдыруға тырысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Үйде барлық уайымнан арылуға болатын «жайлы бұрышты» жабдықтауға тырысыңыз. Бұл жерге жастықтар мен көрпе қойыңыз, жарық қосыңыз (майшам, гирлянда немесе шамдар) және сүйікті кітаптарыңызды тізіп қойыңыз. Бұл күнделікті бірсарынды өміріңізді түрлендіреді. Денсаулығыңызды нығайтыңыз, суық тигізіп алудан сақтаныңыз, алкоголь ішпеңіз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Кенже балаларыңызға қарау жауапкершілігін үлкен балаларыңызға жүктемеңіз. Себебі осы арқылы балалардың өзара қарым-қатынасы бұзылуы мүмкін. Жаңа адамдармен танысуыңыз мүмкін, көңілінен шығуға тырысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Кездейсоқ романтикалық сапарға немесе кездесуге барыңыз: бұл сізге ұмытылмас эмоциялар сыйлайды. Көбірек сырласыңыз. Енді сіз басқа адамдардың сезімдерін оңай түсіне аласыз, жақын адамдарыңыздың тілектері мен ойлары туралы болжай аласыз. Сіз тіпті жауыңызбен де тіл табыса алатын жансыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Сүйіктіңіз бар болса, кішігірім жағымды дүниелердің өзіне назар аударыңыз: серіктесіңіздің қаншалықты маңызды және қажет екеніне тағы бір рет көз жеткізесіз. Жақындарыңыздың қауіпсіздігіне назар аударыңыз, олардың телефондарына «қауіп батырмасын» орнатыңыз. Бұл сіздің де олар үшін алаңдамауыңыз үшін қажет.

Ақпарат көзі: nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: