Сәрсенбі, 01 мамыр, 15:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

22 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал

22.09.2023

534 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз жұмыста жақсы адаммен танысасыз. Бұл жаңа қызметкер немесе менеджер болуы мүмкін. Егер сіз өзіңізді жақсы сезінбесеңіз, уайымдамаңыз. Ыстық шай ішіңіз. Түскі үзілісте қаланы аралаңыз. Кешке демалыңыз, ыстық ванна қабылдаңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Денсаулығыңызда еш кінәрат жоқ, сарқылмас энергияңызды жұмыс күніндегі басты мақсатқа бағыттаңыз. Қарым-қатынаста бүгін қолдау және сүйіспеншілік болады. Осы күнді сезініңіз: сіз дұрыс серіктес таңдағаныңызға тағы бір рет көз жеткізесіз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызға сеніңіз, қандай қиындыққа тап болсаң да, туыстарың саған тек жақсылық тілейді. Егер тәттілерден бас тарта алмасаңыз, оны ең болмаса пайдалы десертпен алмастырыңыз. Бұл сіздің денсаулығыңыз бен сымбатыңызға оң әсер етеді.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Шопинг жасау үшін достарыңызды немесе отбасыңызды өзіңізбен бірге алыңыз, бүгін сізге олардың кеңестері қажет болуы мүмкін. Ыдыс жуғаннан кейін шұңғылшаны тазартып отыруды ұмытпаңыз. Бұл асүйіңіздің таза әрі әдемі болуына септігін тигізеді.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Дене жаттығулары денсаулыққа пайдалы болмақ, бірақ қатты кетпеңіз. Қарым-қатынасқа назар аударыңыз: харизма мен сүйкімділік жаңа жұпты құруға немесе одақтастықты нығайтуға көмектеседі. Бірақ ақыл-есіңізді жоғалтпаңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Шығындарға абай болыңыз: ақшаны текке шашу қаупі бар. Балаңызбен бірге айналысатын іс ойлап табыңыз. Қолдан бір зат жасау, мультфильм көру немесе ойындар ойнау ол үшін өте пайдалы.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Ұйықтау қиын болса, жатар алдында сүйікті кітабыңызды оқып көріңіз. Сюжеті сізді баурап алмауы үшін бұрын оқыған нәрсені таңдаңыз. Бұл сіздің жүйке-жүйеңізге босаңсуға мүмкіндік береді. Ароматерапия және шөп шайы ауыр жұмыс күнінен кейін демалуға көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін ащы, майлы және тұзды тағамдардан бас тартыңыз: зиянды тағамды тұтынудың жағымсыз салдары болуы мүмкін. Балаларыңыздың сырт келбетін еш уақытта сынамаңыз. Жақсы болсын десеңіз де, өз ойыңызды ішіңізде қалдырыңыз. Бұл есейген кезде баланың өзін-өзі бағалауына қатты әсер етуі мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызға жағымды тосын сый жасаңыз, бүгін отбасыңызға барынша көп уақыт пен көңіл бөліңіз. Бейтаныс адамдармен сөйлескенде сақ болуды балаға жастайынан үйрету керек. Бүгін де дәл осыны ескертетін күн. Бала өзінің жеке шекарасын қорғауды кішкентайынан біліп жүруге тиіс.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Егер сіз соңғы уақытта достарыңызға аз көңіл бөлсеңіз – олардан кешірім сұраңыз, сіздің мінез-құлқыңыз оларды ренжіткен болуы мүмкін, бірақ олар оны білдіртпеуге тырысты. Жеке қарым-қатынасқа келгенде, түйсігіңізге сүйеніңіз. Екінші жартыңызға агрессия көрсетпеу керек.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін жаныңыз қаншалықты өзгерістерді қалағанымен, тың дүние бастамағаныңыз абзал. Үйді жинаңыз немесе өзіңізге демалыс жариялаңыз. Бүгін айналаңызды өзгертіп, жайлы етудің орайы түсіп тұр. Жайлылық орната отырып, сіз бірден бірнеше маңызды тапсырма мен жобаны орындай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Сабырлы болыңыз, жанжалдардан аулақ болыңыз. Күрделі мәселелер өздігінен шешіледі. Жақсы жаңалықтарды, күтпеген тосынсыйларды және жақсы ұсыныстарды күтіңіз. Махаббатқа немқұрайлы қараудан қашыңыз, байыпты болуға тырысыңыз.

Ақпарат көзі: nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: