Бейсенбі, 10 қазан, 02:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

27 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал

27.09.2023

564 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Достарыңызбен бәстесу арақатынасқа өте пайдалы. Осы арқылы достар бір-бірінің алдындағы жауапкершілікті сезінеді. Әлеуметтік желілердегі дүкендерден зат сатып алу кезінде өте сақ болыңыз. Дүкеннің құрылған күнін, өзгелер қалдырған пікірлерді қараңыз және ақшаны алдын ала төлемеңіз, тек жеткізу кезінде қолма-қол төлем жасаңыз. Бұл алаяқтардан қорғануға көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Тапсырмаларды ақырындап орындаңыз, өзіңізді шамадан тыс жүктемеңіз. Үй шаруасымен айналысуды жоспарлаған болсаңыз, бұл жоспарды ертеңге қалдырып, жағымды дүниелермен айналысқаныңыз абзал.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Оңай болмаса да сабырлы болыңыз. Күннің бастапқы уақытында біраз қиыншылыққа тап боласыз, бірақ жағдай жақсы жаққа түбегейлі өзгереді. Ең бастысы – абыржымау және алаңдамау. Тазалық жинау, апталық тамақ дайындау, супермаркетте сауда жасау, туыстарға көмектесу – барлық үй шаруасы және жақын адамдарға қамқорлық қанағат әкеледі.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызбен бір айдың жоспарын талқылаңыз. Жұмыс және демалу үшін уақыт бөліңіз. Бірге өткізген уақыт ата-аналар мен балалар қарым-қатынасын жақсартады. Ата-анаңызбен қарым-қатынас жасауда шыдамды болыңыз, бүгін жақын адамдардың көзқарасы әр түрлі болуы мүмкін екеніне көз жеткізесіз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Егер арада кикілжің туындаса, онда өзіңізді бір уақыт сүйіктіңіздің орнына қойып көріңіз. Бұл проблеманы дұрыс шешуге мүмкіндік береді. Сүйіктісін енді тапқан жандар одан не күтетініңізді айқындап алыңыз. Қалауыңызға мән беріңіз. Тек ашық әңгіме арқылы ғана дұрыс қарым-қатынас құруға болады.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Таңғы уақытта жұмысты ауыр тапсырмалардан бастаңыз, күннің соңына қарай оларды шешуге күшіңіз жетпеуі мүмкін. YouTube арнасында суретке түсуді үйрететін бейнесабақтарды қараңыз: фотосуретте әдемі болып шығу қаншалықты оңай екенін көресіз және сыртқы келбетіңізге сыни көзқарасыңыз азаяды.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Егер сізде еш себепсіз алаңдаушылық сезімі пайда болса – қолыңыздан келетін шаруалар мен жасауыңыз керек жұмыстар тізімін жазып көріңіз. Бұл өміріңізді өз бақылауыңызда ұстауға мүмкіндік береді. Алғаш танысқан кездегі сезімдерді қайтару үшін жылы лебіз танытқан абзал. Сол үшін сыйлық сыйлап, қарым-қатынасыңызда жылылық пайда болуына жағдай жасаңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Серіктеспен жағымсыз әңгіме туындаса, барынша шынайы болуға тырысыңыз. Әдепті болыңыз және өз сезімдеріңізді айта бермей, жақыныңызға қамқорлық танытыңыз. Жоспарланған достық кездесуден бас тарта көрмеңіз, өйткені осылайша уақытты жақсы өткізуге кепілдік бар, ал егер үйде жалғыз қалсаңыз, кейін өкініп қалуыңыз мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызбен уақыт өткізіңіз. Жақындарыңызды қуантуды ұмытпаңыз. Бүгін сіз бүкіл отбасы мүшелеріне сай келетін жаңа хоббимен айналысу туралы идеяны бөлісесіз. Бірақ өзіңіз жасамайтын дүниені талап етуден сақтаныңыз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Созылмалы ауруларыңыз қайта асқынуы мүмкін. Жағдайыңыз нашарлап кетпес үшін маманға жүгініңіз. Бір күнді достармен уақыт өткізуге арнаңыз. Бүгін керемет жаңалықтар айтылып, идеялар пайда болады. Дауласудан қорықпаңыз. Жақын достарыңыз қашан да сізге қолдау көрсетеді.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Сұлулық стандарттарының қалай өзгергені және өзгеріп жатқаны туралы YouTube арнасындағы танымал бейне-роликтердің бірін қараңыз. Бұл олардың қаншалықты жасанды, мағынасыз екенін және ондай стандарттарды қуудың еш мәні жоқ екенін түсінуге, өзіңізге ұнайтын нәрсеге көбірек назар аударға тырысқаныңыз жөн екенін ұғынуға мүмкіндік береді. Қиын күн күтіп тұр, бірақ сіз күрделі мәселелерден сытылып шыға аласыз. Ең бастысы – сабырлылық және салқындық. Эмоцияларға берілмеңіз, олар тек кедергі болады. Ұсақ-түйек нәрселерге күйгелектенбеңіз және маңызды мәселелерді шешу кезінде ойыңыздың бөлінуіне жол бермеңіз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз өзгелер қызығатындай үлкен батылдық танытасыз. Өзіңіз туралы айтудан қысылмаңыз. Нәтижесі тез-ақ болады. Кез келген жағдайда салмақты шешімдер қабылдап, сабырлылық танытыңыз. Достарыңызды жинап, шағын саяхатқа шығыңыз. Оларға жол көрсетуші болыңыз, бұл сізге ұнайды және бәрі де қуанады.

ақпарат көзі: nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: