Ішкі істер министрлігінің ведомстволық білім беру ұйымдарына талапкерлердің оқуға қабылданғаны туралы SMS-таратылымдар арқылы жалған хабарламалардың таралып жатқаны жария болды, – деп хабарлайды kursiv.media
Олардың мәліметінше, бұл таратылым фейк және министрлікке ешқандай қатысы жоқ.
«Қазіргі уақытта қабылдау науқаны әлі жалғасып жатыр. Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдері аяқталған жоқ. Қабылдау белгіленген мерзімде: 15-25 шілде аралығында жүзеге асырылады. Қабылдау науқанының түпкілікті нәтижелері іріктеудің барлық кезеңдері аяқталып, қабылдау комиссиялары шешім қабылдағаннан кейін тек қана Qyzmet police ақпараттық жүйесіндегі талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады», – деп мәлімдеді ІІМ.
Ведомство азаматтардан мұндай хабарламаларға сенбеуді, олардағы сілтемелерге өтпеуді, өздерінің дербес деректерін хабарламауды және тек ресми ақпаратты пайдалануды сұрады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
