Сенбі, 27 сәуiр, 16:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

28 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал

28.09.2023

448 0

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.


Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?Жұбайыңызбен арадағы проблеманы шешу үшін психологқа барған жөн. Бұл қарым-қатынасты нығайтуға сеп болады. Екінші жартыңызбен арада түсініспеушіліктер орын алса, онда ортақ шешім шығару үшін кикілжің себептерін анықтаңыз. Бүгін мәселелерді ересектерше әрі дұрыс шешу үшін проблемаларды анықтап алатын күн.


Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Ұзақ уақыт бойы қалаған, бірақ бірқатар себепке байланысты қол жеткізе алмаған нәрсе үшін жалақыңыздан белгілі бір соманы бөліп отырыңыз. Арманыңызды орындайтын кез келді. Өз пікіріңізді қорғауға тырысып, сіз кейде жақын адамдарыңызға қатты сөйлеп қоюыңыз мүмкін. Жанжалдарды болдырмау үшін өзіңізді ұстаңыз және шыдамдылық танытыңыз.


Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін өзіңізге жаңа маусымдық зат сатып алудың тамаша күні. Ескі дос жаңа екі достан артық екенін есте сақтаңыз: жаңа адамдармен танысқанда ескі жолдастарды ұмытпаңыз.


Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Сабырлы болыңыз және ұсақ-түйекке ренжімеңіз, барыңызды салып жұмыс істеңіз. Нәтижеге тез қол жеткізесіз. Ақылға құлақ асып, қиын жағдайларда саналы шешім қабылдаңыз. Бұған көп нәрсе байланысты. Бүгін жақындарыңыздың бірі сізді қатты қуантады. Алғыс айтуға дайын болыңыз.


Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Жақындарыңызбен жанжалдаспауға тырысыңыз. Жағымсыз салдары болуы ғажап емес. Отбасы мен балаларға берген уәделеріңізді ертерек орындаңыз, бұл үшін сізде тамаша мүмкіндік бар.


Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Егер сіз күніңізді дұрыс жоспарласаңыз, оның нәтижелі болатыны сөзсіз. Демалыс пен уақытты ерігіп өткізуді кейінге қалдырыңыз. Егер өзіңізді спортпен айналысуға мәжбүрлеу қиын болса – достарыңыздың біріне сізбен бірге жаттығуға баруды ұсыныңыз. Осылайша сіз бір-біріңізге мотивация бересіз.


Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Егер балаңыздың үлгерімі нашар болса, онда оның күн тәртібін барынша сапалы түрде жасауға тырысыңыз. Бәлкім оның ұйқысы қанбай, шаршап жүрген шығар. Бүгінгі күні жақын адамдармен сөйлесуге уақыт бөлу өте маңызды. Оларға қамқорлық танытып, шыдамды болыңыз.


Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Таңертеңгілік уақытты бет күтіміне және косметологтарға арнаңыз. Жұмыс үстеліңізді ретке келтіріңіз, сонда жұмыс істеп жатқаныңызда сізді ештеңе алаңдатпайды және өнімдірек жұмыс істейтін боласыз.


Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Маңызды ештеңе жасамаңыз, абай болыңыз. Қарапайым жұмыс барысында да қателесу қаупі бар. Егер бүгін көңіл-күйіңіз болмаса, жақсы күндеріңізді есіңізге түсіріп, өткенді ойламаңыз, оданша сүйікті комедияңызды тамашалап, достарыңызбен және жан құрбыларыңызбен сырласқаныңыз жөн.


Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Жақындарыңызбен қарым-қатынасқа назар аударыңыз, мәмілеге келетін уақыт жетті. Ірі жеңіске жету үшін ұсақ-түйек дүниелерге көндігуге де болады. Серіктесіңізге берген уәдеңізді орындайтын кез келді. Әйтпесе, қарым-қатынаста келіспеушілік орын алады.


Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз өзіңіздің сыртқы келбетіңізге өзгеріс жасауды ойласаңыз, бүгін оны жүзеге асыруға тамаша күн. Ақшаңыз уақытында қайтарылатынына сәл де болса күмәндансаңыз, қарыз бермеңіз. Бүгін шығармашылықпен айналысуға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге оңтайлы күн болмақ.


Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Демалысқа алдын ала жоспар құрыңыз. Қала афишаларын қараңыз, бәлкім сізді ерекше шара күтіп тұрған шығар. Күннен қорғайтын кремді қолдануды әдетке айналдырыңыз. Мұндай негізгі қорғаныс терімізге жыл бойы қажет, ол теріні ұзақ жылдарға жас ұстауға көмектеседі.

Ақпарат көзі:nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: