Сенбі, 04 мамыр, 05:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

3 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

03.11.2023

585 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Естелік үшін достарыңызбен көбірек суретке түсіңіз, жасқа жас қосылған сайын, бірге өткізілген уақыттан естеліктер құнды бола түседі. Жасқа байланысты өзгерістер туралы аз алаңдауға тырысыңыз: олар мүлдем табиғи, оларда ұят немесе жағымсыз ештеңе жоқ. Есіңізде болсын, сұлулықтың «жас» стандарттары тек пайда табуға бағытталған.

Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Аяқ асты жарықтың сөнуіне дайын болу үшін үйіңізде майшам мен шамдар бар-жоғын тексеріңіз. Сізге олар күтпеген кезде қажет болуы мүмкін. Өз сезімдеріңізді сараптауды үйреніңіз: сізді шын мәнінде не мазалап жүргенін түсінуге тырысыңыз, бұл өзіңізді жақсы сезінуге септік болады.

Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызға сеніңіз, қандай қиындыққа тап болсаң да, туыстарың саған тек жақсылық тілейді. Кішігірім қиындықтар кедергі болмайды. Ең бастысы – басқаларға мұқият болу. Кімнен көмек сұрайтыныңызды алдын ала ойластырыңыз. Тәжірибелі адамдарды тыңдаңыз.

Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Асқазаныңызды күтіңіз: артық тамақтанбаңыз, қуырылған тағамдар мен консервілерге алданып қалмаңыз. Әріптестермен бейресми қарым-қатынасқа көбірек көңіл бөліңіз, сіз одан ләззат алып, қанағаттана аласыз.

Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін алдын ала жазылусыз экспресс маникюрге бару үшін қолайлы күн: нәтижесі мен сапасы сізді қуантады. Блогерлердің кеңесін аз тыңдаңыз және өз пікіріңізге сенуді үйреніңіз: блогерлер әдетте нағыз сарапшы емес, олар өз аудиториясынан ақша табу үшін жарнама ұсынған болуы мүмкін.

Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін сүйіктіңізбен жанжалдасу қаупі бар. Жанжал туындаған жағдайда, серіктесіңізге тыныштық пен эмоциялардан арылуға уақыт беріңіз. Ұйықтар алдында ұйқыңыз тыныш болуы үшін үй жануарымен немесе жақын адамыңызбен серуендеңіз.

Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Балаңыз арқылы орындалмаған арман-мақсаттарыңызға жетуге тырыспаңыз. Оған махаббат пен жылу сыйлаңыз, қолдау көрсетіңіз. Осы арқылы ол табысқа жететіні сөзсіз. Бұл күнді жеке өзіңізге арнаңыз: өзіңіз үшін күндізгі немесе кешкі мәдени ойын-сауық бағдарламасын ойлап табыңыз және жеке өзіңізге арналған уақыттан рахат алыңыз. Бұл сізге өзіңізді көбірек бағалауға және жақсы көруге көмектеседі.

Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Кез келген адамнан жау іздемеңіз, адамдар сізге шынайылық танытады. Ортақ идеяларды қолдайтындарға жақын болыңыз, жоспар құрыңыз. Балаңызға өзінің ойын, пікірін ашық білдіруді үйретіңіз. Бұл өзара жақсы қарым-қатынасты сақтауға көмектеседі.

Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Жуғаннан кейін киімді қалай кептіретініңізге назар аударыңыз: егер сіз киімді кептіргіште ілместен бұрын дымқыл күйінде сілкіп, тіктеп шықсаңыз, кейін киміді үтіктеуге уақыт жоғалтпайсыз. Өзгелердің пікірі мен кеңесіне құлақ аспайсыз. Сондықтан олармен тіл табысу қиын болады. Оқиғаларды талқылап, қақтығыстардан, түсінбеушіліктерден аулақ болыңыз.

Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне ерте тұруға тырысып, бұрын-соңды жасап көрмеген макияжға уақыт бөлуді ұсынамыз. Айналаңыздағылардың қошеметіне бөленетініңіз сөзсіз. Мүмкіндігінше, өз денсаулығыңызды кешенді жоспарлы тексеруді ойластырыңыз. Ол кез келген ықтимал аурулардың алдын алады немесе дертті ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Жалғызбастыларға бүгін танысу қосымшаларын жүктеп алуға кеңес береміз. Өз құндылықтарыңыз бен сүйікті ісіңізді көрсетіңіз. Балаларыңыздың сізге сенімі арта түссін десеңіз, ашық сөйлесуді әдетке айналдырыңыз. Жасөспірім кезіңіздегі өзіңізді еске түсіріңіз. Өз ойларыңызды жиі бөлісіңіз. Бұл балаңызбен арақатынасыңызды жақсартуға көмектеседі.

Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Кейбір нәрселерді кейінге қалдырып, отбасыңызбен немесе басқа маңызды адамдарыңызбен фильм көруге уақыт бөлуге тамаша күн: уақытыңызды тамаша өткізесіз және өкінбейсіз. Бүгін сіз достарыңыздың бірінен сын естуіңіз мүмкін, бірақ оған қатты мән бермеуге тырысыңыз: олардың ешқайсысы сізді ренжіткісі келмейді, олар сізге шындықты осылай жеткізуге тырысады.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: