Дүйсенбі, 06 мамыр, 20:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Әйел жаңа туған сәбиін шайханада тастап кеткен

30.09.2023

384 0

әйел жаңа туған баласын кафеде қалдырып кеткен. Анасы үш апталық қызды шайхана қызметкеріне бірнеше минутқа қарай тұрыңыз деп қалдырған да, қайта оралмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 29 қыркүйекте орталық базар аумағындағы шайханада болған.

«Оқиға орнына келген ювеналды полиция қызметкерлері сағат 10:00-де әйел 44 жастағы шайхана қызметкеріне үш апталық қызын қалдырғанын анықтады. Ол танысымнан ақша алып келемін деген сылтаумен әйелге бірнеше минут баласына қарай тұруын өтінген. Кешке дейін күткеннен кейін әйел полицияға қоңырау шалды», –  деді полиция қызметкерлері.

Полиция қызметкерлері баланы бөлімге жеткізіп, жедел жәрдем бригадасын шақырды.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы тұрақты. Полиция инспекторы баланың жөргегін ауыстырып, қызды сүт қоспасымен тамақтандырып, баланы сәбилер үйіне жеткізді.

Қазіргі уақытта баланы тастап кеткен әйелді іздестіру бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: