Сейсенбі, 30 сәуiр, 21:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Әскери патриоттық даңқ кабинеті ашылды

24.10.2023

476 0

Бүгін Республика күніне орай жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру аясында М.Сужиков атындағы №6 мектеп базасында «Әскери – патриоттық даңқ кабинеті» ашылды.

Салтанатты жиынға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы, «Жас Сарбаз» жасөспірімдердің әскери – патриоттық қозғалысы төрағасы Мейірбек Оразұлы, ҚР еңбек сіңірген қайреткері, ерең еңбегі үшін медалінің иегері Қорғанбек Қайруллаев қатысты.

Шара қатысушылар елінің болашағы үшін еңбек етіп, ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқының құрметіне бөленген Мемлекет және қоғам қайраткерлері Мұхамедғали Сужиков, Кеңес Одағының батыры Георгий Ковтунов, полковник Қазбек Төремановтардың рухына бас иіс 1 минут үнсіздікпен еске алып, Мұхамедғали Әленұлы Сужиков бюьстіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Мұнан соң мектеп ғимаратындағы әскери – патриоттық даңқ кабинетін ашып, лентасын қиды. «Жас Сарбаз» жасөспірімдердің әскери – патриоттық қозғалысы төрағасы Мейірбек Оразұлы генарал-лейтенант Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласовтың арнайы құттықтауын жеткізіп, мектеп ұжымы компьютер табыстады.

– Бүгін шежіреге толы, берекелі бай өлке, көне мәдениеттің ордасы сырлы да жырлы қасиетті мекен – Сыр өңірінде сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын және де Қорғаныс министрлігінің ыстық ықыласы мен сәлемін жеткіземін. Еліміздің дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты екенін Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жастар дамудың символы және жарқын болашаққа деген үміттің көрінісі» деген сөздері дәлелдейді және жастарға тәрбие беру ісінде әскери-патриоттық жұмыстың мәні өте зор екенін айқын көрсетеді. «Жас Сарбаз» қозғалысы бастамасын алғаннан бастап, алғашқы қозғалыс филиалы осы Сыр өңірінде ашылған болатын, ең бірінші жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағытындағы екіжақты өзара ынтымақтастық меморандумы да Қызылорда облысынан бастама алды. Сондай-ақ бүгін Сыр еліне жол тартқанымыздың бірден бір себебі осы мектептің түлегі өздеріңіздің жерлестеріңіз, Отан қорғау ісінде өскелең ұрпаққа үлгі болар азаматтардың бірі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің орынбасары және «Жас Сарбаз» қозғалысының іргетасын қалаушысы генерал-лейтенант Таласов Мұхамеджан Қадыржанұлының аманаты еді.
Осы өлкенің жалыны мол жастары арасында әскери-патриоттық тәрбиелеу жұмысын қарқынды атқарғандарыңыз үшін баршаңызға Мұхамеджан Қадыржанұлының ризашылығын жеткіземін, – деді Мейірбек Оразұлы.

Шараға қатысушы қонақтар әскери даңқ кабинетіндегі құнды дүниелермен танысты. Және ҚР еңбек сіңірген қайреткері Қорғанбек Қайруллаев құрмет кітабына өз лебізін жазып, жас бүлдіршіндерді құттықтады.

Мектептің акт залында мектеп мұғалімдерінің Мемлекет және қоғам қайраткерлері Мұхамедғали Сужиков, Кеңес Одағының батыры Георгий Ковтунов, полковник Қазбек Төремановтардың өмірінен алынған көріністер көпшілік назарына ұсынылды. Ал, оқушылар хормен ән айтып, қонақтарға жақсы көңіл күй сыйлады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: