Алматыда таңғы 04 сағат 58 минут 53 секундта жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 ақпанда 04 сағ.58 мин.53 сек. жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 км жерде орналасқан
Қытай аумағында — афтершок. Алматы қаласының тұрғындарына 3 балдық жер дүмпуі сезілді . Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!