Сейсенбі, 30 сәуiр, 16:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«AMANAT»: Фракция мүшесі атқарылған жұмыстарымен бөлісті

01.11.2023

551 0

«AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшесі Мұса Абдукаликов БАҚ өкілдеріне өзі сайланған округ бойынша атқарылған жұмыстар барысын баяндады.
Депутаттық фракция мүшесінің баяндауынша өзі сайланған округтағы С.Лапин атындағы мектепте тұрғындар ұсынысына сәйкес жаңадан спорт алаңы салынуда. Үш бөліктен тұратын спорт алаңында бастауыш сынып оқушыларына араналған жаттығу алаңы, футбол және волейбол алаңдары жасақталған. Бұл жұмыстар алдағы уақытта бітуге таяу.
Сондай-ақ, сайлаушылардың ұсынысына сәйкес №6 сайлау округі бойынша Талап, Әшірбеков көшелеріне түнгі жарық шамдар орнатуға жоба сметалық құжаттары әзірленді. Депутаттың мәлімінше жобаға керекті қаражатты Республикалық бюджеттен бөлуге сұраныс жіберілген.
Ал Қарақұм, Әль-Фараби-10, Жерұйық көшелеріне керекті жобалық құжаттар дайындау алдағы уақыт еншісінде.
Жергілікті тұрғындардың көптен бері қозғап жүрген түйіткүлді мәселесінің бірі – аяқ су болатын. Бұл тұрғыда Ботаникалық арна арқылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде 650 метрге арық лотоктары орнатылған. Соның негізінде аталған жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, аталған аумақтағы Қыжылжарма арнасын тазарту мәселесі де назардан тыс қалмай, мемлекеттік конкурс нәтижесі бойынша мердігер компания тарапынан тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Фракция мүшесі Мұса Жақыпұлы қазан айында сайлаушыларымен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдаған болатын. Сәйкесінше, «AMANAT» партиясының Жол картасының және тұрғындардың сауалдары бойынша тиісті жұмыстар атқаратынын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: