Жексенбі, 28 сәуiр, 03:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Анаға тағзымның»  үйретері көп

28.10.2023

303 0

 Жақында облыс орталығында ұлттың рухани құндылығы мен салт-дәстүрін келешек ұрпақтың бойына сіңіріп, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру мақсатында «Анаға тағзым» орталығы ашылды. Мұнда аты айтып тұрғандай, қазақ әйелінің бойына ұлттық рух пен тәрбиені, қазақы болмыстан ажырамауды мақсат еткен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

 Жақында Қызылорда облысына іссапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Анаға тағзым» орталығының жұмысымен танысып, ұлт тәрбиелеуде рухани құндылықтарды сақтау маңызды екенін атап өтті.

«Анаға тағзым» орталығының жұмысын оқырманға жеткізу үшін арнайы бардық. Жетекші маман Айдана Маратқызы орталық қызметімен таныстырды.

Орталықта есімі елгі белгілі қазақ аналарының, қайраткер тұлғаларының бейнесі алдымен көзге түсті. Олардың өмір жолына қараған адам өз ойы мен бойын түзейді деген мақсатта салынған.

Сондай-ақ орталықта «Мирас» әжелер клубы бар.

– Мұнда есімі елге белгілі, іскер, ақжаулықты аналар жас қыздарға тоқыма тоқып, ұршық иіруді үйретеді. Қазақтың ұлттық қолөнерін заманауи үлгідегі құрылғылар мен технологияларды қолдана отырып, түрлі бұйымдар жасайды. Ақжаулықты әжелер ақыл айтып, жол көрсетеді, – дейді жетекші маман.

Сондай-ақ мұнда өңірге белгілі қолөнер шебері жастарға дәріс береді. Үйірмеге қатысқан әрбір жан қолөнердің құпиясын біліп, ісмерлік қабілетін шыңдайтынын жеткізді.

Жасөспірім мен бойжеткен қыздардың сырласып, ой бөлісетін кезеңдері де назардан тыс қалмады. Яғни орталықтан «Бойтұмар» клубы ашылған. Мұнда оқушы қыздар да, бойжеткендер де келеді. Олар арнайы мамандардың тренингі мен түрлі шеберлік сыныбына қатысып, кеңес алып отырады. Жалпы «Бойтұмар» әдет- ғұрып пен әдептілікке насихаттайды.

Жаңа өмірге қадам басар алдында бойжеткендерді түрлі мәселелер толғандыратыны анық. Осындай сәтте психолог кеңесіне жүгініп, өзін толғандырған мәселенің шешімін табуға көмектесетін, сыр бөлісіп, кеңес беретін «Сырғалым» клубы да бар. Сондай-ақ мұнда бала күтімімен үйде отырған жас аналар мен оқушылар психологтан кеңес алады.

Жастар арасында қоғамдық пікір алмасу, ой бөлісу мақсатында «Ана тілі» дебат клубы ашылған. Клуб жетекшісі Айжан Орынбасар дебаттан республикаға облыстың атынан танылып жүр. Қазіргі таңда жастарға өз ойын жеткізу, сауатты және мәдениетті сөйлеуді үйретеді.

Жаңа ғимаратта жас-жұбайларға арналған мектепте бар. Ол «Жас отау – жас отбасылар мектебі» деп аталады. Мектептің жетекшісі қыз-келіншектерге қазақтың салт- дәстүрін, оның қасиетін түсіндіреді. Ал жас аналарға бұл мектеп қазақтың ырымын, шымылдық пен бесіктің киесін қазақтың салт-дәстүрі туралы кеңінен насихатталады. Сонымен қатар отбасын сақтау, ене мен келін немесе қайсіңлі мен жеңге арасындағы сыйластық туралы және басқа отбасы тәрбиесіне арқау еткен тақырыптар кеңінен талқыланады.

«Анаға тағзым» орталығында «Шамшырақ» фото- бейне студиясы бар. Бұл студия ашылғалы орталықта түрлі бағдарламалар ұйымдастырылып, танымал есімдермен сұхбаттасуға мүмкіндік мол.

Сонымен қатар өнерге жақын адамдардың шығармашылығын шыңдайтын «Коворкинг» орталық үйірмесі де бар.

Мұнан бөлек, «Береке» аспаздық студиясы жасөспірім қыздарға ұлттық тағамды әзірлеуді үйретеді. Тіпті бойжеткендерді келін болуға дайындау үшін түрлі тағамдар пісіріп, ас үйдің құпиясын үйренеді.

Сондай-ақ «Ұлт жақұты» атты музейде қазақтың ұлттық нақыштағы киімдері көздің жауын алады.

Жалпы «Анаға тағзым» орталығының үйретері көп.

Орталық ашылғалы 400-ден аса адам қабылдаған. Жастар мен оқушылар арасында тренинг пен дебат ұйымдастырылып, жас жұбайларға отбасы құндылығы насихатталып, жас келіншектерге ене мен келін тақырыбында кеңес беру жұмыстарын жүргізуде.

Бір сөзбен айтқанда, сәулеті келіскен «Анаға тағзым» орталығының ұлт т ә р б и е л е й т і н анаға, қазақ қызына берер тәлімі мол.

Мұнда келсеңіз, ұлттық рухани құндылықтардан нәр алғандай, әдемі әсерге бөленесіз. Орталықтың сыры да осында болса керек.

Нәзира Мұқатаева

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: