Жұма, 27 ақпан, 22:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Ардагерлер Қызылордадағы нысандармен танысты

27.02.2026

38 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев, мемлекет және қоғам қайраткері, Түркі мемлекеттері ұйымы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков бастаған ардагерлерді, зиялы қауым өкілдерін Қызылорда қаласында жаңадан бой көтерген нысандармен таныстырды.

Ардагерлер Қызылордадағы нысандармен танысты


Қонақтар сол жағалаудағы 11 мың орындық жаңа стадионға, облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен бой көтерген халықаралық стандарттарға сәйкес келетін стадион қазан айында футболдан Қазақстан кубогының финалдық ойынымен ашылды. Спорт нысаны УЕФА классификациясы бойынша ІV санатқа кіреді. Ерекше атап өту қажет, стадион облыс бюджетінен үнемделген қаражат есебінен салынды. Ғимарат аумағы 20 мың шаршы метр, материалдық-техникалық базасы соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты былтыр маусым айында пайдалануға берілді. 1939 жылы жұмысын бастаған музейдің бұған дейін типтік үлгідегі ғимараты болмаған. Жаңа музейде 12 экспозициялық зал халыққа қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта қорда 70 мыңға жуық тарихи экспонат сақталған. Оның ішінде 25 120 экспонат түпнұсқада.

Ардагерлер Қызылордадағы нысандармен танысты
Ардагерлер Қызылордадағы нысандармен танысты
Ардагерлер Қызылордадағы нысандармен танысты

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: