Бейсенбі, 02 мамыр, 18:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Аса қауіпті ауруларға қарсы жұмыс жүргізілуде

26.09.2023

278 0

Бүгінде өңірде аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және таза аймақ мәртебесін сақтау мақсатында республикалық бюджеттен 6973,5 мың доза ветеринариялық препарат қарастырылды. Ал облысқа бөлінген 6105,6 мың доза ветеринариялық препарат аудандарға таратылды.

Бекітілген 9 айлық жоспарға сәйкес, жануарларға 5256,4 мың доза екпе алдын ала егіліп, жоспар толығымен орындалды. Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев хабарлады. -Жыл сайын ветеринария саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде жергілікті жерлерде аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егу, диагностикалалық тексеру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Осының нәтижесінде облысымызға берілген вакцина қолданылатын аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы үстіміздегі жылдың наурыз айында қайта растады. Жалпы энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында биыл облыстық бюджеттен бөлінген 272,3 млн теңгеге 6 түрлі энтоотиялық ауруларға қажетті 707,4 мың доза ветеринариялық екпе алынды. Сондай-ақ, жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында 2183,5 мың бас жануардан қан сынамасын алып зерттеу жоспарлануда. Қазіргі таңда 498,7 мың бас МІҚ, 997,0 мың бас уақ мал диагностикалық тексерістен өткізілді. Бүгінде облыс көлемінде эпизоотиялық жағдай тұрақты сақталуда. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіліп, ақпараттық жүйеге енгізіліп отыр. Өңірдегі тіркелген мал саны өткен жылмен салыстырғанда 4,1пайызға өсіп отыр, – деді басқарма басшысы Шахмардан Сұлтанбекұлы.Сонымен бірге, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап үй жануарларын міндетті тіркеу басталды. Осыған байланысты, үй жануарларын есепке алу бойынша ветеринариялық ұйымдар арнайы ақпараттық жүйемен қамтамасыз етіліп, тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: