Сәрсенбі, 13 қараша, 12:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

24.10.2023

565 0

Күзде вирустарды жұқтыру қаупі артады, иммунитет жазғы режимнен қысқы режимге ауысады. Бұл өз кезегінде респираторлық инфекциялармен аурушаңдық санының артуымен бірге жүреді.
СOVID-19 тыныс алу жолдарының – ЖРВИ, энтеровирус, ротавирус, тұмау сияқты маусымдық инфекция деп болжанады.
Күн сайын бүкіл әлемде коронавирустық инфекция ауруы тіркеледі. COVID-19 тұмау сияқты, әртүрлі ауырлық дәрежесінде болуы мүмкін. Ол клиникалық белгілерімен немесе симптомсыз да өтеді. Алайда асқынулар болған жағдайда өлім қаупін де жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан СOVID-19-ды зиянсыз суық тиюден ажырата білу және оны уақтылы диагностикалау маңызды.
Халықтың COVID-19 қауіп төндіретін тәуекел топтары әлі де бар. Бұл иммунитеті төмен, созылмалы аурулары бар науқастар, жүкті әйелдер. Сондықтан инфекциядан қорғанудың қарапайым шараларын елемеуге болмайды. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жіті респираторлы вирусты инфекциялардың эпидемиологиялық маусымы кезінде келесідей сақтық шараларын орындауды ұсынады:

  • жеке бас гигиенасын сақтау:
  • адам көп жиналатын орындарға мүмкіндігінше баруды шектеу;
  • нашар желдетілетін орындарда бетперде киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтау;
  • қолды жиі сабынмен жуып, антисептик пайдалану;
  • үй-жайларға ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу, ауа алмастырып отыру;
  • ауру белгілері байқалған жағдайда, өз бетімен емделмей, дәрігер көмегіне жүгіну;
  • ауруға қарсы екпе алу.
    Қалай болғанда да, біздің саламаттылығымыздың кепілі көбінесе денсаулығымыз үшін жауапкершілікте болады. Сақтық шараларына салғырт қарамау – өзіңізді және жақындарыңызды COVID-19-дың ауыр ағымынан қорғаудың ең сенімді жолы. Бұл вирустың таралу ықтималдығын төмендететінін және ауру кезінде асқыну қаупін едәуір азайтатынын есте ұстау маңызды.

Динара Жанабергенова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: