Бейсенбі, 02 мамыр, 15:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Балжан Бидаш: «Ажырасу – кішігірім өлім»

27.09.2023

350 0

Сурет ашық дереккөзден

Әнші Балжан Бидаш ажырасудан кейінгі өмірі жайлы баяндап берді. Өнер иесі Instagram парақшасында қазір өзіне қосымша табыс көзін іздеп жүргенін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Сіздерге бірнәрсе айтуым керек. Ішіме сыймай бара жатыр… Соңғы оқиғадан кейін сіздер көріп жүрген Балжанның ішінде қандай өзгеріс болып жатқанын айтқым келіп тұр. Қай оқиғаны айтып отырғанымды түсініп жатырсыздар ма? Шынымды айтсам, қазір менде бәрі жақсы. Уақыт емші екеніне көзім жетуде. Бүкіл күйзеліс, стрессті тезірек тастауға тырыстым. Нәтижеге жетіп жатырмын. Өзімді қолға алдым, жиналдым. Бұл өмірдің заңы. Әр адамның басынан өтуі мүмкін нәрсе. «Ажырасу – кішігірім өлім» деп бекер айтпаған. Сондықтан мұны ешкімге тілемеймін. Әңгіме болып жатқанын да білемін. «Ары қарай қалай өмір сүресің» деп сұрағанда ғана ол нәрсе есіме түсті. Мен өз ақылыма, сіздердің қолдауыңызға сенемін» , – деп жазды Балжан Бидаш.

Сонымен қатар өнер иесі алдағы өміріне алаңдаулы екенін жеткізді. «Алдағы өмірімде бір ғана ой мазалайды. Бұл мен сияқты кезеңде жүрген әйелдер қауымын да алаңдатады. Қиын жағдайға жүрген жандар түсініп отырған болар. Қазір өзіме өзім қорғанышпын. Шүкір, ата-анам, бауырларым аман. Бірақ, мен өзім үшін жауап бергім келеді. Қандай жағдай болмасын тек алға жылжу керек. Алдында Қытайға барған себебім де қосымша табыс көзін іздеу еді. Өкінішке қарай, таппадым. Сонда да тоқтамай, ізденудемін. Менде қазір бір ғана мақсат тұр. Ол – жарқын болашақ. Еркін, тарықпай өмір сүру үшін жаңа істі байқап көруге, ізденуге дайынмын», – деп жазды Балжан Бидаш.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: