Жексенбі, 22 желтоқсан, 12:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дәрігерлер дабыл қақты: Етті көп тұтыну қант диабетіне әкеледі

23.10.2023

727 0

Фото: freepik.com

АҚШ ғалымдары шамадан тыс қызыл ет тұтыну II типті қант диабетінің дамуына әкелетінін анықтады. Бұл туралы  The American Journal of Clinical Nutrition журналы хабарлайды.

Зерттеуді Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің мамандары 36 жыл бойы жиналған 216 мың қатысушының диетасы туралы мәліметтерді талдай отырып жүргізді. Зерттеу барысында 22 мыңнан астам қатысушының II типті қант диабетіне шалдыққаны белгілі болды. Қызыл етті көп тұтынатынлардың қант диабетімен ауыру қаупі 62 пайызға жоғары екені анықталды.

Зерттеу жетекшісі, эпидемиолог және диетолог Уолтер Виллетт қант диабетінің қаупін азайту үшін аптасына тек бір порция қызыл ет жеуге кеңес берді. Сонымен қатар, американдық ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, егер сіз күніне бір порция қызыл еттің орнын ақуыз, жаңғақ немесе бұршақ, өсімдіктермен алмастырсаңыз, қауіп 30 пайызға төмендейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: