Бейсенбі, 17 сәуiр, 01:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды

09.04.2025

350 0

Кеше Қызылорда қаласының сол жағалауында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен бой көтеретін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланып, капсуласы салынды.

Рәсімге «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, қала әкімі, жауапты сала басшылары, тұрғындар қатысты. Жалпы ауданы 3300 шаршы метрлік ғимарат құрылысына жауапты бас мердігер «РиА Сервис ЛТД», техникалық қадағалаушы «Құрылыс контроль» серіктестіктері нысанды қыркүйек айында пайдалануға беруді жоспарлаған. Мұнда тұрғындар дене шынықтырып, спорт резерві даярланады және жоғары білікті спортшылардың оқу-жаттығу процесі ұйымдастырылады. Кешеннің басты ерекшелігі – мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалатындығында. Жобаның мақсаты – тек дене шынықтыру мен сауықтыру ғана емес, тұрғындар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қолжетімді әрі инклюзивті орта қалыптастыру.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: