Сенбі, 04 мамыр, 00:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Димаш Құдайберген «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды

24.10.2023

549 0

Республика күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оның қатарында театр және кино актерлері мен эстрада жұлдыздары да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Ақорда” мемлекеттік марапатқа ие болған өнер иелерінің тізімін жариялады.

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлері Дінмұхаммед Ахимовқа, Михаил Токарев пен Дулыға Ақмолдаға, опера әншілері Шахимардан Әбілов пен Талғат Күзенбаевқа, атақты әншілер Рамазан Стамғазиевке, Димаш Құдайбергенге және күйші Айгүл Үлкенбаеваға берілді”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ белгілі ақын, айтыс өнерінің дамуына ерекше еңбек сіңген қайраткер Жүрсін Ерманов “Отан” орденімен марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: