Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде блогерлер туралы заң күшіне енді

12.09.2023

741 0

Қазақстанда блогерлер туралы заң күшіне ендіЗаң онлайн платформалар мен блогерлердің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

Елімізде блогерлер туралы заңы БАҚ-та ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң, 9 қыркүйекте күшіне енді.

Заң онлайн платформалар мен блогерлердің құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Атап айтқанда, интернетте жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы қылмыстық жауапкершілікпен қатар, әкімшілік жауапкершілік қатар енгізіледі.

Интернет-платформалардың қарапайым пайдаланушылары үшін айыппұл 20 АЕК (2023 жылы 69 мың теңге), ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын блогерлер үшін 40 АЕК (2023 жылы 138 мың теңге) болады.

Олар ұлттық тілді онлайн платформалардың интерфейстері мен модерациясына енгізуді жоспарлап отыр. Бұл әлеуметтік желі алгоритмдеріне қазақ тіліндегі мазмұнды модерациялауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, онлайн-платформалардың иелері жалған ақпарат пен салық төлеуден жалтарумен күресте мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуге міндетті болады.

Әлеуметтік желідегі парақшаларында жарнама орналастыратын қазақстандық блогерлер ресми түрде кәсіпкер ретінде тіркелуі керек.

«Егер онлайн платформаларда заңсыз мазмұн табылса, оны жою туралы заңды өкілге хабарланады. Бұл талап орындалмаса, уәкілетті орган онлайн-платформаның қызметін шектеуге құқылы», — деп түсіндірді бұған дейін Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев.

Сондай-ақ, интернет-сайттарды пайдаланушылар өз беттерінде орналастырылған онлайн-жарнаманы белгілеп, жалпы өз қызметін Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізуі керек.

10 шілдеде Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Интернет-платформалар және интернет-жарнама туралы» заңға қол қойғанын хабарлады. Мемлекет басшысы сондай-ақ «Кейбір заңнамалық актілерге интернет-платформалар және интернет-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: