Жексенбі, 05 мамыр, 13:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Елімізде екі министрге халықпен кездеспеуге рұқсат берілді

24.10.2023

586 0

Мемлекет басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Ұсынылған түзетулер жобасы ашық құқықтық актілер сайтында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қолданыстағы қаулыға сәйкес, орталық атқарушы органдардың басшылары (қорғаныс және сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) жыл бойы тұрақты түрде халықпен кездесулер өткізіп тұруы тиіс. Енгізілген түзетулерге сәйкес олар төтенше жағдайлар және ішкі істер министрліктеріне де ерекшеліктер енгізбек. 

Сондай-ақ орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулер кестесін қалыптастыру және бекіту тәртібін өзгерту көзделуде.

Енгізілген түзетулерге сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жарты жылда бір рет, 1 желтоқсан мен 1 маусымға дейін өңірдегі жағдайды талдау негізінде халықты толғандыратын мәселелердің тізбесін, күн тәртібін, өткізу орны мен мерзімін айқындап, кесте жасайды. Халықты кеңінен қамту мақсатында шенеуніктер мен азаматтардың кездесулеріне басымдық демалыс күндеріне берілмек.

Егер орталық атқарушы органның бірінші басшысы объективті себептермен белгіленген уақытта отырысқа қатыса алмаса, онда оның орынбасары жіберіледі.

Осы және өзге де түзетулерді 8 қарашаға дейін ашық құқықтық актілер сайтында талқылауға болады

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: