Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 22:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде пәтер бағасы 40 пайызға өскен

09.02.2024

584 0

Aqmeshit-aptalygy.kz – Үш жылда Қазақстанның екінші нарығында пәтер құны шамамен 40 пайызға өсті. 2021-2024 жылдар аралығындағы ұсыныстарға талдау жасаған Krisha.kz сарапшылары осындай қорытынды жасады. Барлық өңірде баға өскені байқалды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Қымбатшылыққа сұраныстың артуы, зейнетақы қорынан ақша алуға рұқсат беру, доллар бағамының өсуі, құрылыс материалдарының қымбаттауы (бірінші нарықтағы өзгеріс ұсталған үйге де әсерін тигізеді), 2022 жылы құрылыс қарқынының бәсеңдеуі ықпал етті.

Үш жылда баға қалай құбылды?

2021 жылы ел билігі зейнетақы қорынан артық ақша алуға рұқсат берді. Салдарынан ажиотаж болып, үй бағасының шарықтауына әкелді. Бір жылда ел азаматтары шамамен 2,5 триллион теңге шешіп алған. Тұрғын үймен байланысты мәміле саны оның алдындағы жылмен салыстырғанда екі есе өсті (609 мың – еск.). Екінші нарықта пәтер құны 27 пайызға өссе, жаңа үйлер тіпті 40 пайызға қымбаттады.

2022 жылы билік қордан алуға рұқсат берілген соманы 70 пайызға арттырғандықтан, зейнетақы қорына жүгінген, үй іздеген елдің қарасы азайып қалды. Алайда құрылыс материалдары мен жұмыс ақысы көтерілген соң баспана құны шарықтай берді. Бір жылда мүлік иелері қолдан сатқан пәтерлердің орташа бағасы тағы 10 пайызға өсті.

Былтыр нарық біршама тұрақтады. І тоқсанда баға аздап көтерілгенмен, жаз аяғына қарай қайта түсті, ал күзде мүлде тоқтап қалды, қыста да өзгеріс байқалмады. Бір жылда небәрі 1,1 пайызға ауытқыған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: