Жексенбі, 08 желтоқсан, 02:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Еліміздегі бірнеше қала ауыл мәртебесіне көшіріледі

12.09.2023

479 0

Ұлттық экономика министрлігі енді Степняк, Темір, Жем қалалары ауыл мәртебесіне көшірілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Ашық құқықтық нормалар» порталындағы қаулы жобасында халқы 10 мың адамнан аз қалалар ауыл мәртебесіне көшірілетіні, 2025 жылға қарай әкімшілік-аумақтық заңнама талаптарына сай келмейтін қазақстандық қалалардың әкімшілік мәртебесі өзгеретіні айтылған.

Атап айтқанда құжатта көрсетілгендей енді Степняк, Темір, Жем қалалары ауыл мәртебесіне көшіріледі.

Степняк қаласының орталығы Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімшілігінд . Халқы – 3800 адам.

Темір — Ақтөбе облысы Темір ауданындағы қала. Темір қалалық әкімшілігінің әкімшілік орталығы 2100 адамды құрайды. Ал Жем — Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы қала. Халқы – 1500 адам.

Қаулыда тұрғындары көп ауылдардың мәртебесі де қаралатыны атап өтілген. Еліміздегі 17 ірі ауыл енді бұл мәртебеге сай емес. Мәселен, Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылында 54 мың, Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылында 50 мың, Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында 47 мың адам тұрады. Халық санының көптігіне байланысты енді олар қалалардың құрамдас бөлігіне айналады.

«2025 жылға қарай Қазақстан облыстық маңызы бар қалалардың шекарасында орналасқан дербес ауылдар мен елді мекендерге талдау жүргізіледі. Олар «ҚР-ның әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заң талаптарына қайшы келетіндіктен, мұндай ауылдар мен елді мекендердің мәртебесі қайта қаралып, олар шағын аудандар түрінде қалалардың құрамдас бөлігіне айналуы керек», – делінген құжатта.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: